Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Теңізде шыныққан адам

   Ұлы отан соғысының ардагерлері жыл өткен сайын азаюда. Біз ұлы да сұрапыл соғыс туралы тарихты оған тікелей қатысқандардан сирек еститін болдық. Осы жылдың наурызында 90 жасқа толған теңізші-сүңгуірші Иван Курочкин 17 жастағы жасөспірім кезінде майданға аттанып, ең аласапыран жылдары Отан қорғаған еді.

 

Человек морской закалки

   

  1927 жылы Орынбор облысындағы Колычево деревнясын мекен еткендердің көпшілігі ескі діншілер болатын. Курочкиндер отбасы да осы дінді ұстанатын, отағасы Александр шексіз еңбексүйгіштігінің арқасында кедейшіліктен сытылып шығып, мықты шаруа қожалығын аяққа тұрғызған еді. Сол 1927 жылы дүниеге келген оның ұлы Иван әкесі әрдайым қораздардан ерте тұратынын және алқаптан үйге кеш қараңғысында қайтатынын есіне алады. Әкесі мінезі жағынан сондай ескі дінші болғанымен, өз уақытында патша мен Отанға деген сеніммен және адалдықпен қызмет еткен атасына тартқан. Көршілерінің басым көпшілігі қызғана қарайтын молшылыққа олар зор еңбекпен қол жеткізген, сол себепті Курочкиндерден барлығын дерлік тартып алған ұжымдастыру олар үшін бандиттік тонау болды. Ал 1932 жылы деревняда барлық Ресейдегі сияқты аштық басталды. Шешем бидай дақылдарынан сорпа дайындап, жартылай картоп қосылған өсімдіктерден нан пісіретін, - деп есіне алады Иван Александрович.

  Курочкиндер отбасы зұлмат жылдары екі баладан айырылып қалады. бірақ бір таңқаларлығы, кейіннен уақыт көрсеткендей, олардың ешқайсысы жаңа билікке кек сақтамайды. 1941 жылы әкесін майданға алып кетеді, ал Иван үйдегі үлкені болып қалып, отбасын асырау үшін бақташылыққа барады. Одан бөлек жалғыз сиырлары – шын мәніндегі асыраушылары болды, кейіннен олар тауық асырайды. Осылайша жан сақтайды. Ол сол уақытта 15 жаста болатын. 1943 жылы әкесін жаралануына байланысты соғыстан қайтады, ал әкесі келгеннен соң бірнеше ай өткеннен кейін оның ұлына да Отанға қызмет ету сәті жетеді. 1944 жылы Иван Курочкин Башқұртстан АКСР Алкинода бастапқы жауынгерлік даярлық курсында оқыған жаңадан алынғандар қатарына түседі. Осы әскерге шақырылғандардың басым бөлігі Қиыр Шығысқа жіберіледі, себебі фашистік Германиямен соғыс аяқталып қалған, бірақ Кеңес үкіметінде америкалықтар алдында Құрама Штаттар жағында Жапонияға қарсы шығу туралы одақтастық міндеттемелер болған еді. Ал, біршама уақыт өткеннен кейін Иван өзі сияқты жас жауынгерлермен бүкіл ел арқылы пеші бар әскери жүк вагонымен Қиыр Шығысқа аттанды. 

 

Қызыл флотшы-сүңгуір.

- Біздер 18 жасқа енді толған едік, - деп күлімсірей есіне алады Иван Александрович. – Белгіленген пунктте флоттық киім-кешек берді, ал, ол болса бәрімізге үлкен, шалбарына батып кеттік. Владивостокқа келген жас қызыл флотшылар жаяу саппен Владивосток көшелерінің тастарымен және Золотой Рог кеме тұрағының мұзымен Русский аралына дейін жүріп өтті.  

Жас жауынгерлер ескі, кең, бірақ жел азынаған николаевтар уақытындағы казармаларға орналастырылды. Оларға төсеніш орнына ұзын қаптар таратылды, олар оны шөппен толтырып, казармаларда дайындалған сөрелерге жайғаса бастады. Олардың немен айналысатынын, қандай түрде соғысатынын ешкім білмеген еді. Барлығы да оларға командирлер айтады деп күтті, олар болса өздері бұйрық күтіп, үрейленіп жүрген еді.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында Жапония «Рим-Берлин-Токио» осі дегенге түскенін түсіндіріп өту қажет, ол оған сәйкес өзіне ыңғайлы кезеңде КСРО-ға шабуылдауы тиіс болатын. Елдің қуатты әскери-теңіз флоты болды, ол біздің әскери кемелер мен теңіз авиациясынан бірнеше мәрте асып түсетін.

Жапония ашық түрде КСРО-ға басып кіруге бел байлай алмады, бірақ шабуылдамау туралы пактіні жүйелі түрде бұза берді. Кеңес Одағының фашистік Германиямен соғысы кезеңінде жапондықтар біздің 15 сауда кемесін батырып, әртүрлі желеумен 178-ін ұстады. Сондықтан Қиыр Шығыс ауданындағы жағдайды қалыпты деп айтуға болмайтын.

- Біздің казармалардан алыстау артиллериялық батарея орналасқан болатын, онда кезіндегі орыс-жапон соғысындағы «Әулие Мария» кемесінен алынған  алысқа ататын зеңбіректер болған, - деп әңгімелейді Иван Курочкин. – Біз сол жерде одан әрі оқудан өттік. Мені және тағы бірнеше менің жолдастарымды гидроакустика-сүңгуірлікке үйретулерінен-ақ біз әрі қарай қайда қызмет ететінімізді болжадық.

Ал, 1945 жылы Кеңес Одағы Жапонияға соғыс жариялағаннан кейін Иван сүңгуір қайықтағы қызметін бастайды.

- Бойшаң емес, бірақ шымыр, төзімді жігіттерді таңдады, - деп есіне алады Иван Александрович. – Мен де осы талаптарға келген сияқтымын. Біріншіден, тұрақты түрде спортпен айналысамын, екіншіден, мені ауыр ауыл өмірі шынықтырды. Оның үстіне алты сынып қана бітіргеніммен, басқаларға қарағанда сауатты болдым, себебі көп оқитынмын.

Бақытты «шортан».

Оны бірінші бригадаға, «Щ-131» сүңгуір қайығына айқындады, халық аузындағы «шортан» бірінші сүңгуір қайықтар бригадасы қалаға жапондықтар басып кірмеуі үшін Владивостокқа – маңызды стратегиялық объектіге кіреберістерді күзететін. Сүңгуір қайықтағы қызметтің өзіндік ерекшеліктері бар. Егер окоптағы сарбаздың айналасында белгілі бір кеңістік болып, күтпеген жағдайларда оған көмекке келе алатын болса, сүңгуір қайықта ондай жоқ. Барлық жеті жыл бойы Иван Курочкин гидроакустиктің тар бөлігінде әртүрлі шуылдарды ерекше мұқият тыңдаумен өткізді. Ол олардың арасынан жақындап келе жатқан кеменің дыбысын, қашықтығы мен жылдамдығын айқындап, осы деректерді өз қолбасшылығына беруге міндетті болды. Иван қызмет еткен қайық тікелей ұрыс іс-қимылдарына қатысқан жоқ – оның міндеті қала жаққа жылжып келе жатқан көлік туралы уақтылы ескерту болды, ал, өзін байқатуға, кемелермен ұрысқа түсуге құқығы болмады, айналада су кеңістігіндегі кемелердің қозғалысы туралы ақпаратты күтті. Түнде олар су бетіне шығып, батареяларын қуаттандырып, қайтадан су астына кететін. Сүңгуіршіге құрлықтағы жауынгерге қарағанда бірнеше есе қауіпті. Жарылыс толқынының қайық бортын соғу күштілігі сондай, кейбір жағдайларда металды жарып жіберуі мүмкін. Әсіресе, осындай сәттерде гидроакустикке қиын: ол өз постын тастап кете алмайды – тыңдауды жалғасытыруы керек, ал су астындағы жарылыс дыбысы құлақты жарып жіберуі мүмкін.

- Әрбір сүңгуір қайықтың өзі жүретін квадраты болатын, - деп есіне алады Иван Александрович соғыс уақытын. – Оның орнын жүзіп шыққанға дейін сүңгуір қайық командирінің өзі білмейтін. Тек ашық теңізге шыққанда ғана ол координаталары бар мөрленген пакетті ашып, қайық жауынгерлік кезекшілікке қайда баратынын білетін. Менің қол астымда сол уақыттың өлшемі бойынша керемет қазіргі заманғы неміс гидроакустикалық аппаратурасы болатын. Қайық бортының сыртында орналасқан 24 пьезоэлектр қабылдағыштарынан барлық шуыл аппаратураға келіп түседі. Ал, мен болсам шуыл деңгейін, объектінің қашықтығын және оның типін санаулы секундтарда айқындауға міндеттімін. Гидроакустик сондай-ақ санаулы секундтарда бағыт бойынша борттың қай жағынан, қандай градуста және нақты қандай кеме келе жатқанын айқындауға тиіс. Ерекше мұқияттылықты, күш-жігер мен шеберлікті талап ететін жұмыс. Иван Александрович айтқандай, олардың қайығын құдай сақтаған, ұрыс іс-қимылдарының барлық кезеңінде оларды бір рет соғып өткенімен, бірде-бір рет бомбаламаған. Иван қозғалып келе жатқан кеменің дыбысын естіп, оның координаталарын аға көмекшіге берген, бірақ ол баяулық танытып, салдарынан кеме қайықтың көтеріліп келе жатқан алдыңғы бөлігін соғып өткен. Қайық тігінен төменге қарай құлдилаған. Ауа бергеннен кейін тұмсық бөлігі көтеріле бастайды, бірақ енді артқы бөлігі төмен кетеді. Қайық ғажайып түрде түзетіліп алынды. Оқиғаға кінәлі осы жерден өтіп бара жатқан біздің кеме болып шықты. Сүңгуір қайықтың командасы жақсы үйретілген еді, сондықтан міндетті ойдағыдай орындады. Екінші қыркүйекте Жапония капитуляцияланды. Бұл соғыстың жылдам аяқталуына фашистік Германиямен соғыста шыңдалып, теңіз ұрыстарынан үлкен тәжірибе жинақтаған теңізшілерді Қиыр Шығысқа ауыстыру жағдайы себепші болды.

Жапониямен соғысқа қатысқаны үшін Курочкин «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және І дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталды. Үйіне оралғаннан кейін Иван Орынбордағы авиация зауытына орналасады. Сол жерден кешкі мектепті аяқтайды. Кейіннен жас жігітті жергілікті мемлекеттік қауіпсіздік органдары байқап, арнайы училищені аяқтағаннан кейін Иван МҚМ – СМЕРШ ерекше бөлімінде қызмет ете бастайды, ал кейіннен оны Ақтөбеге ауыстырады. Бірде Иван Александрович Ақтөбе әуежайынан ұшақты ұрлап әкету дайындалып жатқаны туралы ақпар алады. Теориялық тұрғыда «Ан-2» ұшағымен алысқа ұшып кете алмайсың. Алайда ұрламақшы болған жас ұшқыш барлығын тереңнен ойластырып қойған еді. Ол өз ұшағымен Өзбекстанның мақта алқаптарына гербицид шашатын. Осы мүмкіндікті өзінің істесімен пайдаланып қалмақшы болған, себебі осы республиканың арғы жағы шетел ғой. Ұшақты ұрлау ашылып, уақтылы жолы кесіледі. Ұшқыш ұшақты не үшін ұрлағысы келгенін дұрыс түсіндіре алмады. Көптеген қылмыстарды ашқаны үшін ол «Құрмет белгісі» орденіне ие болады. Иван Александрович КСРО МҚК Мұғалжар аудандық бөлімін басқарған. Отставкаға полковник атағында шықты. Кейде, мерекелерде ол офицер-чекист нысанды киімін киеді. Сонымен қатар ол теңізші тельняшкасын көзінің қарашығындай сақтайды. Теңізде шынығу оған барлық өмір қиындықтарынан өтуге көмектесті деп санайды.

 

 

Дата публикации: 03.10.2019