Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Республикалық мүлікті «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

  1. Осы қаулыдағы қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің балансындағы республикалық мүлік «Қазимпэкс» республикалық орталығы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.
  2.  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша) бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 
  3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының

                       Премьер-Министрі                                                                        А. Мамин

 

Дата публикации: 09.12.2020
ҚР Үкіметі қаулысының жобасы14.66 KB Қаулы жобасының түсіндірме жазбасы43 KB Қаулы жобасына қосымша22.73 KB