Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 11 февраля 2019 года № 49 «О некоторых вопросах возмещения затрат сотрудников специальных государственных органов Республики Казахстан и членов их семей»

 

«Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2019 жылғы 11 ақпандағы № 49 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің шығындарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы
11 ақпандағы № 49 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 2, 23-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3)  Көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары»;

аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағы бойынша көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі                                                          А. Мамин

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2020 жылғы

«       »                  №     қаулысына

қосымша

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2019 жылғы 11 ақпандағы

№ 49 қаулысымен

бекітілген

 

 

Көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 77-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және көлікте жүргені үшін арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының, тыңдаушыларының (бұдан әрі – курсанттар, тыңдаушылар) шығындарын (бұдан әрі – шығындар) өтеу тәртібін айқындайды.

 

 

2-тарау. Курсанттардың, тыңдаушылардың шығындарын өтеу тәртібі

 

2. Курсанттарға, тыңдаушыларға:

1) стационарлық емделуге барған кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, әуе, су және автомобиль көлігімен;

2) осы Заңның 49-бабы 1-тармағының 4), 6), 7), 11) – 13) тармақшаларында көзделген жағдайлардан басқа, арнаулы мемлекеттiк органдардағы қызметтен шығарылған, сондай-ақ демалысқа және тағылымдамадан өтуге барған кезiнде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темiржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындары (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бекіткен нормаларға сәйкес өтеледі.

Шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға, тыңдаушыларға оқуға жіберілген, тағылымдамадан өтуге, каникулдық демалысқа барған кезде (жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері) əуе, теміржол, су және автомобиль көлігімен жол жүру шығындары өтеледі.

3. Арнаулы (әскери) оқу орындарында және шет мемлекеттің білім беру ұйымдарында білім алып жатқан курсанттарға және тыңдаушыларға шығындарды өтеуді курсанттар, тыңдаушылар штатында немесе қарамағында болатын арнаулы мемлекеттік органның мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме), ал курсант, тыңдаушы қызметтен шығарылған жағдайда – ол таңдаған тұрғылықты жері бойынша арнаулы мемлекеттік органның аумақтық органы (бұдан әрі – аумақтық орган) жүзеге асырады.

4. Курсанттардың, тыңдаушылардың жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін және кері қайту жолының ақысы ұсынылған жол жүру құжаттарының негізінде төленуге тиіс.

5. Көлік уақтылы келмеген немесе жөнелтілмеген жағдайларда, курсанттар, тыңдаушылар жолаушының өтінішімен тасымалдаушы беретін көліктің кешіккені туралы куәландыратын құжатты ұсынады.

6. Шығындарды өтеуді жүзеге асыру үшін отыз жұмыс күні ішінде Қағидалардың 3-тармағында аталған мекемеге немесе аумақтық органға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баянат;

2) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3) жол жүру құжаттары;

4) қызметтен шығарылған курсанттар, тыңдаушылар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың, сондай-ақ шығындарды өтеу сомасын аударуға қажетті банк құжаттарының көшірмелері;

5) қажет болған жағдайда – Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша стационарлық емделуге не медициналық тексерілуге (куәландыруға) жіберу үшін медициналық айғақтарының бар екендігі туралы көрсете отырып, қабылданған стационарлық емі не болмаса медициналық тексерілу (куәландыру) туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы;

6) қажет болған жағдайда – Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжат;

7) құжаттарды өкілі арқылы беріп жіберген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхаты.

7. Ұлттық қауіпсіздік органдарының курсанттары, тыңдаушылары қызметтен шығарылған кезде шығындарды өтеген жағдайда, тұрғылықты жері бойынша курсант, тыңдаушы таңдаған аумақтық орган курсанттың, тыңдаушының қызмет өткеру орны бойынша мекемеден оның қызметтен шығарылғандығы туралы бұйрықтан үзінді сұратады.

8. Шығындарды өтеу Қағидалардың 6-тармағында белгіленген құжаттар ұсынылған кезде:

1) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болған кезде – ақшалай үлесті бір уақытта төлеумен;

2) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларында қаражат болмаған кезде – міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

Көлікте

жүргені үшін арнаулы (әскери)

оқу орындары курсанттарының,

тыңдаушыларының шығындарын өтеу қағидаларына

1-қосымша

Нысан

Кімге: _____________________

(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның (мекеменің)

басшысына)

 

Шығындарды өтеуге арналған баянат

      Сізден ________________________________________________________

      ______________________________________________________________

      (оқиғаның түрі мен оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      __________________________ маған жол жүру шығындарын өтеуді сұраймын.

      Баянатқа мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

      4. ______________________________________________________________

          ______________________________________________________________

          _____________________________________________________________

                       (лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) қолы

      ______ жылғы «______» ______(жылы) (күні) (айы)

      Бастық: ________________    _____________    ___________________

(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

 

 

____________________________

 

 

 

 

 

Көлікте

жүргені үшін арнаулы (әскери)

оқу орындары курсанттарының,

тыңдаушыларының

шығындарын өтеу қағидаларына

2-қосымша

Нысан

Кімге: _____________________

(шығындарды өтеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органның

(мекеменің) басшысына)

Кімнен: ____________________,

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса) __________________ тұратын

тел. _________________

 

Шығындарды өтеуге арналған өтініш

       Сізден ____________________________________________________ жол

           (оқиғаның түрі және оның өткізілген жері, көлік түрі көрсетіледі)

      жүргенім үшін шығындарды өтеуді сұраймын.

      Тиесілі соманы ________________________________________________ _____________________________________________ аударуды сұраймын

      _________________ банктің № _____________________________ филиалы

      Дербес немесе карт-шот _________________________________________

      Алушының ЖСН _________________________________________________

      Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беріп отырмын:

      1. ______________________________________________________________

      2. ______________________________________________________________

      3. ______________________________________________________________

4.______________________________________________________________ ...__________________________________________________________________

      ____ жылғы «____» _______ Өтініш беруші ______ _________________

                          (күні)                                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      Бастық: ________________ __________ _________________________

(бөлімше, атағы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

_______________________

Көлікте

жүргені үшін арнаулы (әскери)

оқу орындары курсанттарының,

тыңдаушыларының

шығындарын өтеу қағидаларына

3-қосымша

Нысан

Анықтама

____________________________________________________________ берілді, (атағы, тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

      оған ___________________________________________________________

(емдеу мекемесі және оның орналасқан жері көрсетіледі) ________________________________________________________________

(медициналық айғақтары көрсетіледі)

      ___________________________________ медициналық айғақтары бойынша

      ______ жылғы «____» _________ _____ жылғы «____» _________ аралығында      ________________________________________ көрсетілді.

      (медициналық қызметтің түрі көрсетіледі)

      Анықтама көлікпен жол жүру шығындарын өтеу үшін берілді.

 

      М.О.

 

      Әскери-дәрігерлік комиссияның (сараптаманың)

      төрағасы ______________________________________________________

(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (құжатта бар болса)

 

_____________________

Дата публикации: 14.01.2020
Проект основного ПП РК 49 (внес изм) каз28.4 KB ПЗ к ПП РК 49 (внес изм) каз21.9 KB СТ к ПП РК 49 (внес изм) каз39.44 KB