Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

css for mob ver looking good

Мәзір
X
«Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау жолы»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өңір-өңірлерде көптеген іс-шаралар өткізілуде.

Осындай іс-шаралардың бірегейі ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінде өткізілген болатын.

Ол «Латын әліпбиіне көшу – әлемдік үдеріске жақындау жолы» деген тақырыпта өтті. Онда латын графикасын қабылдау арқылы әлемдік жаңа технологиялар мен коммуникацияға тікелей араласуымызға зор мүмкіндік туатыны жеткізілді.

Іс-шараға Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ қазақ тілі практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор Б.М. Айтбаева, Қарағанды «Болашақ» университетінің қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д., профессор Қ.З. Сембиев, Қарағанды облысы Тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілді дамыту және үйлестіру бөлімінің басшысы Ә.Ж. Қашқынбек, Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығының аға оқытушысы С.Х. Мұстафин және Қарағанды облыстық тілдерді оқыту орталығының аға әдіскері Ж.Р. Жақанова арнайы шақырылып, олардың баяндамалары тыңдалды. 

Сонымен қатар, аталған әліпбиге көшу барысында туындауы ықтимал мәселелер жан-жақты талқыланып, кеңінен қаралды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации: 14.11.2017