Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

css for mob ver looking good

Мәзір
X
ҚР ҰҚК Академиясында «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» жобасын талқылауға қатысты

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында ҚР ҰҚК Академиясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін орындау және «Жаңа әліпби негізіндегі қазақ тілі емлесінің ережелері» жобасын кеңінен таныстыру, оның жекелеген қағидаларын пысықтау әрі қызметкерлердің жобаға қатысты ой-пікірлерін білу мақсатында кадрлар басқармасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу тәжірибесі: кейбір мәселелері мен келешегі» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Академияның профессорлық-оқытушы және ғылыми құрамы, бақылау-талдау, редакциялық-баспа бөлімдерінің қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелдің бірінші бөлімінде Академияның Тілдер дайындығы арнайы факультетінің профессоры запастағы полковник С.Б. Қоянбекованың баяндамасы тыңдалды. Баяндамада «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» ҚР Президентінің 19.02.2018 жылғы № 637 Жарлығына еәйкес бекітілген қазақ тілі әліпбиін қызметтік іс-қимылға енгізудің алғышарттары, Мәңгілік ел идеясын жүзеге асыру тетіктері, аталған Жарлықпен бекітілген жаңа қазақ әліпбиінің өзектілігі негізінде іске асырылатын тапсырмалар қамтылды.

Екінші бөлімде ұсынылған жобаға шолу жасалып, оның негізгі ұғымдары мен тараулары таныстырылды. Қатысушылар емле жобасын жан- жақты қарастырып, қызу талқылап, ғылыми теория мен практикаға негізделген ой-пікірлерін ортаға салды. Дөңгелек үстел барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулер жинақталып, ҰҚК Кадрлар департаментіне жолданды.

 

Дата публикации: 21.11.2018