БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 41 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11500 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық, материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
- осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды;
- осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шараларды орындау бойынша мәліметті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
|
К. Масимов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_______________________
2019 жылғы «___» ________
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 09.01.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 19853 болып енгізілді
Результаты согласования
Комитет Национальной Безопасности РК - Начальник юридического департамента Комитета национальной безопасности РК Нурлан Серикбаевич Жолдасов, 20.12.2019 11:41:03, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство финансов РК - вице-министр Берик Шолпанкулович Шолпанкулов, 25.12.2019 11:24:49, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - И.о. министра юстиции Наталья Виссарионовна Пан, 27.12.2019 10:43:00, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Масимов, 30.12.2019 15:22:32, положительный результат проверки ЭЦП