Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Кеңес Одағының Батыры Кравцов Григорий

Кеңес Одағының Батыры Кравцов Григорий Михайлович 1922 жылғы 14 наурызда Старожиловка ауылында, қазіргі Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Федоровск ауданы Кравцово ауылында туған. 7 сынып бітіріп, ұжымшарда еңбек еткен. Екі жылдық зоотехниктер мектебін аяқтап, туған ауылында ветеринар-фельдшер болып жұмыс істеген.

1941 жылдың қыркүйегінде Қызыл Армия қатарына шақырылып, Омск авиация мектебіне жолданады, оны бітіріп шығады, бірақ көп ұшу мүмкіндігі болмайды.

1943 жылдың маусымында Кравцов Приволжск округінің «Смерш» қарсы барлау бөліміне жедел уәкіл лауазымына тағайындалады.

1944 жылдың тамызында Кравцов, өзінің жеке өтініші бойынша, әрекеттегі армияға 374-ші жеке армиялық айыптылар ротасына қызмет көрсету жөніндегі 69-шы «СМЕРШ» қарсы барлау бөліміне жіберіледі. Лейтенант Кравцовтың барлаушылар тобы аса маңызды тапсырманы орындай отырып, сегіз гитлершіні жойып, екеуін тұтқынға алады. Тұтқынға түскендердің бірі унтер-офицер болып шығып, жаудың күшін орналастыруға қатысты құнды мәліметтер береді. Осы операция үшін Кравцов 2-дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен наградталады.

Польша аумағында лейтенант Кравцов 1-ші Беларусь майданының 134-ші атқыштар дивизиясы «СМЕРШ» қарсы барлау бөлімінің жедел уәкілі болып соғысады.         

1945 жылғы 14 қаңтарда Коханов елді мекенінің жанындағы (Пулава қаласынан батысқа қарай, Польша) ұрыста саптан шығып қалған рота командирін алмастырады. Висланың сол жағалауындағы терең эшелондырылған жау қорғанысын бұзып өту кезінде ұрысты шебер басқара білді, қолынан жараланса да, ұрыстан шықпады. Шабуылдауды басқаруды жалғастырып жатқанда снарядтың тура тиюінен қаза болады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларына қарсы күрес майданында  қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және бұл ретте танытқан батылдығы мен ерлігі үшін лейтенант Григорий Михайлович Кравцовқа Кеңес Одағының Батыры атағы қайтыс болғаннан кейін берілді.

Батыр атында Қостанай қаласында көше бар. Старожиловка ауылы Кравцово ауылы деп қайта аталды, сондай-ақ Федоровка кентінде де оның атында көше бар. ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті ғимаратының қабырғасына айбынды чекисттің мемориалдық тақтасы орнатылған, ал Қостанай қаласындағы Жеңіс аллеясында оның аты жазылған. 2018 жылғы желтоқсанда Украина почтасы «Қарсы барлау органдарына 100 жыл» блогы шеңберінде Григорий Кравцовқа арналған марка шығарды.

 

  кравцов григорий михайлович1   

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі 

 

Дата публикации: 25.09.2019