Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 68/қе бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 44-бабының
7-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының міндетін атқарушысының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 68қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15796 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында:

2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. ҰҚО тамақтандыруды ұйымдастырға жалпы басшылық:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде (бұдан әрі - Шекара Қызметі) – Ұлттық қауіпсіздік комитеті
6-қызметінің Шекара қызметі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету Департаментімен;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында (бұдан әрі – ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары) –  Ұлттық қауіпсіздік комитеті
6-қызметінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету Департаментімен (бұдан әрі – ҰҚК ӘТҚД);

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінде (бұдан әрі – Авиация қызметі) – Авиация қызметінің әскери және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасымен.»;

3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарының жекелеген құрылымдық бөлімшелері тамақтанумен орналасқан орындары бойынша Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері және бағынысты ұйымдары құралдары есебінен қамтамасыз етіледі.»;

9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «9. Әскери қызметшілерді тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін, Мемлекеттік мекемелер штаттарында асханалар (сарбаздық, матростық, курсанттық, офицерлік) қарастырылады.»;

14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Әскери қызметшілерін заңды және жеке тұлғалардың қатыстыруымен тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде бейбіт уақыттағы штат бойынша аспаздық құрамның лауазымы 70-тен 100%-ға дейін бос болады. »;

15 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«15. Мемлекеттік мекеменің және бөлімшенің асханасында азық-түліктерді өңдеу, тағамды дайындау және оны тарату "Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17179 болып тіркелген) сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық талаптарын (бұдан әрі – Санитариялық қағидалары) сақтай отырып жүргізіледі. »;

18 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Асханада жұмыс істеу үшін тәуліктік наряд құрамына тағайындалған адамдарды кезекшілікке түсер алдында (камбуздағы вахтаға) кезекші дәрігер (фельдшер) медициналық тексеруден өткізеді. Асханада жұмыс істеуге медициналық тексеруден өтпеген адамдар жіберілмейді.»;

19 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«19. Асханаға бөгде адамдар мемлекеттік мекеменің (бөлімше) бірінші басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның рұқсатымен кіргізіледі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеменің басшысы). Тамақтандыруды ұйымдастыру сапасын тексеруші адам цехтар мен басқа да үй-жайларға таза халат (кеудеше) киіп кіреді.»;

20 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Мемлекеттік мекеменің штатында лауазымдардың болмауы (жасақтау мүмкіндігі болмаған) жағдайда үй-жайларды тазалау, қоймадан асханаға азық-түліктерді жеткізу, жаңа піскен картоп пен көкеністерді тазалау, түстену үстелдерін әзірлеу, асхана және ас-үйлік ыдыстарды жуу, басқа да қосалқы жұмыстарға әскери қызметшілердің (жұмысшылардың) қатарынан тәуліктік наряд тағайындалады.»;

25 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25.  Асхана бойынша кезекші қызметін өткеруге жіберілген адамдардың тізімі жоспарланған жылда (айда) мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен бекітіледі.»

30 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«30. Асханада қажетті технологиялық құралдар болмаған кезде (сыну, су немесе электроэнергияның жоқтығына байланысты) Мемлекеттік мекеме (бөлімше) басшысының шешімімен картоп пен көкөністерді тазалау үшін жеке наряд тағайындалуы мүмкін.»;

40 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Мемлекеттік мекеме басшысы азық-түлік қызметінің объектілерінде:

1) аспаздармен, асхана жұмысшыларымен және тәуліктік нарядпен санитарлық ережелерді орындауын;

2) медициналық қызметкерлерімен бақылаудың объективті әдістемесін, гигиеналық дайындық, аспазшылармен (наубайшылармен) Санитарлық ережелерді орындау және жеке гигиена қағидаларын сақтау бойынша сабақ өткізуін;

3) Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрімен 2016 жылғы 6 маусымда бекітілген № 239 "Өндірістік бақылауды жүргізудегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық ережелерін бекіту туралы" (Нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде №13896 тіркелген) бұйрығына сәйкес азық-түлікті алу, тасымалдау, сақтау және беру, тағамды дайындау және дайын тағамды тарату кезінде (оның ішінде зертханалық тексерулер мен сынақтарды өткізу жолымен) қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың өткізілуіне, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуына өндірістік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. »;

41 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«41. Мемлекеттік мекеменің азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша лауазымдық тұлға өз іс-әрекетін Ішкі қызмет Жарғысы негізінде, сонымен қатар:

1) әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыруда ұсынылатын азық-түлік қызметінің объектілерінде санитарлық ережелері талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

2) азық-түлік қызметі мамандарының жұмысқа орналасу кезінде міндетті түрде алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден (тексерілуден) уақтылы өтуін ұйымдастырады;

3) азық-түлік қызметі мамандарының санитарлық-гигиеналық дайындығы мен аттестаттаудан өтуін ұйымдастырады.».

42 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«42. Асхана бастығы:

1) асхана бойынша кезекшімен бірігіп асхана бойынша тәуліктік наряд құрамы адамдарының арасында міндеттерді бөледі;

2) асхана бойынша тәуліктік наряд құрамының адамдары мен аспаздарға жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша нұсқама жүргізеді;

3) асхана бойынша тәуліктік наряд жұмысындағы барлық, істен шыққан коммуникациялар, асхананың қанағаттанарлықсыз санитарлық жай-күйін, Санитарлық ереженің талаптарын толық көлемде қамтамасыз ете алмайтын кемшіліктерді бағыныштылық бойынша және мемлекеттік мекеме (бөлімше) бойынша кезекшіге тез арада баяндайды;

4) Тоқсан сайын әрбір аспаздың медициналық кітапшасының бар-жоғын тексереді, жұмысқа түсер кезде аспаздардың алдын ала медициналық тексеруден және мерзімдік медициналық тексеруден, зертханалық зерттеулерден уақытылы өтуін бақылайды, аспаздарды тексеру журналын жүргізеді;

5) асхана бойынша тәуліктік наряд құрамы адамдары мен аспаздарды Арнайы киіммен қамтамасыз етеді;

6) азық-түлік ас-мәзірін құруға және тағамды бақылаулық-көрсетілімдік пісіруге қатысады;

7) жабдықтар, ас-үйлік ыдыстар (оның ішінде сынған ыдыстарды тіркеу кітабы), бұйымдар мен басқа да мүліктерге есеп жүргізеді, олардың сақталуы мен жай-күйін бақылайд;

8) саны мен сапасы бойынша асханаға өндірістік қоймасынан азық-түліктерді аға аспазшының (аға коктың), нұсқаушы-аспазшының қабылдауын, сондай-ақ азық-түліктің ас-мәзіріне сәйкес оларды қазанға салу толықтығы, олардың аспаздық дұрыс әзірленуі мен дайын тағамдардың шығуын бақылайды.».

43 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«43. Азық-түлік қызметінің объектілерінде тұрақты жұмыс істейтін адамдар:

1) азық өнімдерінің жеткізілуіне, қабылдануына, сақталуына және берілуіне, өнімдердің аспаздық өңделуіне, дайындалуына, дайын тағамның сақталуына және әскери қызметшілерге берілуіне, азық-түлік қызметі объектілерін ұстауға және пайдалануға қойылатын Санитарлық ережелер талаптарды қатаң сақтайды;

2) жеке гигиены сақтайды. »;

44 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«44. Асханаға қажетті өндірістік, қосалқы, тұрмыстық және техникалық ұй-жайлармен, тамақтанатын залмен, инженерлік коммуникациялармен, тамақ дайындайтың технологиялық процесін және оны Санитарлық қағидаларға сәйкес әскери қызметшілердің тағам қабылдауын қамтамасыз ететін жабдықтармен және мүлікпен жабдықталады.»;

45 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«45. Асханадағы (камбуздағы) және қоймадағы әрбір жабдықтың бірлігі Мемлекеттік мекеме бастығының бұйрығымен нақты лауазымды тұлғаларға бекітіледі, олар жұмыс істеу кезінде пайдалану, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен техникалық қауіпсіздік қағидаларын сақтауы, ағымдағы жөндеулердің уақтылы өткізілуін қадағалауы және оны ұстау бойынша талаптар мен Санитарлық ережелерді орындап, пайдалану нұсқамасы бойынша қолданады.»;

46 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46. Мемлекеттік мекеме (бөлімше) асханаларында тамақ азық-түлік ас-мәзірі бойынша дайындалады.

Қамтамасыз ету нормалары бойынша ыстық тағам тәулігіне 3 мәртет дайындалады және беріледі (таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас). Тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде қосымша азық-түлік алатын әскери қызметшілер үшін төрт реттік тамақтану ұйымдастырылуы мүмкін.

Үш мәрте тамақтандыру кезінде негізгі үлес нормасы энергетикалық құндылықтар (жұғымдылық) бойынша бөлінеді: таңғы ас – 30-35 пайыз, түскі ас – 40-45 пайыз, кешкі ас – 20-30 пайыз. Ыстық климат жағдайында (жазғы уақытта) түскі астың жұғымдылығы мен көлемін жалпы тәуліктік жұғымдылығынан 10-15 пайызға азайту, тиісінше таңғы ас пен кешкі астың жұғымдылығы мен көлемін арттыру ұсынылады.

Мемлекеттік мекеменің (бөлімше) күн тәртібі мен қызметті өткеруіне қарай энергетикалық құндылықтар (жұғымдылық) бойынша бөлуді Мемлекеттік мекеменің бастығы ғана өзгертуі мүмкін.

Әскери қызметшілердің тамақтану сағаттары мен кезектілігін Мемлекеттік мекеменің бастығы белгілейді.»;

47 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«47. Азық-түліктің ас-мәзірі азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғамен және медициналық қызметкерлерімен, асхана бастығымен және нұсқаушы-аспазшымен (аға аспазшымен) бірлесіп құрылады.

Емдік үлес және диеталық тамақтану бойынша азық-түліктің ас-мәзірі Мемлекеттік мекеменің медицина қызметкерлерімен, азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғамен және нұсқаушы-аспазшының (аға аспазшының) қатысуымен жасайды.

Азық-түліктің ас-мәзіріне тыл бөлімі (бөлімше) материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша бөлімі (бөлімше) басқарма бастығымен азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғамен, медицина қызметкерлерімен қол қояды және Мемлекеттік мекеме бастығымен бекітіледі.»;

48 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«48. Азық-түліктің ас-мәзіріне өзгерістер тек Мемлекеттік мекеме бастығының рұқсатымен еңгізіледі. Әрбір енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мемлекеттік мекеме бастығымен қол қоюымен расталады.»;

49 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Азық-түліктің ас-мәзірі Қамтамасыз ету нормаларына тиіс әр азық-түлік үлесінің нормасы бойынша бөлек үш данада жасалады және бір апта бойы қолданылады.

Бірінші данасы қаржы бөлімшесіне беріледі және азық-түлікті қоймадан асханаға (камбузға) беруге бастапқы есептік құжатты (2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы қаржы министрінің міндетін уақытша атқарушы бұйрығымен белгіленген формалар бойынша азық-түлікті беру тізім-талабы, запастарды ішкі көшірілімдеу жүк құжаты) (нормативті-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде № 7126 тіркелген) (бұдан әрі – бастапқы есеп құжаттар) ресімдеу үшін негіз болып табылады, ал екі данасы асханаға беріледі. Олардың бірі түстік залда (асхана вестибюлінде) тамақтанушылар танысу үшін ілінеді, екіншісі тамақ әзірлегенде басшылыққа алу үшін нұсқаушы-аспазшыда (аға аспазшыда, нұсқаушы-аспазда) болады.»;

50 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Жеке орналасқан бөлімшелер үшін азық-түліктердің ас-мәзірі бір данада және осы бөлімшелердің саны бойынша қосымша көшірмелерде жасалады және бір ай бойы қолданылады.»;

51 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Азық-түліктердің ас-мәзірінде қарастырылған жеке орналасқан бөлімшелердің қоймасында азық-түлік болмаған жағдайда, бөлімше бастығының шешімі бойынша азық-түлік ас-мәзіріне Қамтамасыз ету нормасына тиіс өзгерістер енгізуге рұқсат етіледі.

Азық-түлік ас-мәзірінде қарастырылған азық-түлік болмаған жағдайда, осыған орай жасалған алмастырулар бойынша бөлімше бастығы тыл бөлімі (бөлімше) материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша бөлімі (бөлімше) басқарма бастығына хабарлайды.»;

52 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«52. Корабль экипаждарының құрамына кіретін әскери қызметшілердің тамақтануын ұйымдастыру үшін азық-түлік ас-мәзірі Мемлекеттік мекеменің (жағалау базасы) азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғамен бір данада және корабль саны бойынша көшірмелері жасалып, Мемлекеттік мекеме бастығымен бекітіледі және бір ай бойы қолданылады.»;

53 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Азық-түліктің ас-мәзірін жасау кезінде, оқу процесінің еркшеліктері, асхананың аспаздық құраммен жасақталуы және оның біліктілігі, белгіленген тамақтану режимі, азық-түліктердің түр-түрінің болуы, асханада технологиялық, тоңазытатын және механикалық емес жабдықтардың болуы мен оның жағдайы, әскери қызметшілердің тілектері ескеріледі.»;

56 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«56. Азық-түлік қоймасынан азық-түліктер тамақ дайындау үшін асханаға азық-түлік таратылымының және тамақтанушылардың қозғалысын есепке алу кітабының деректері негізінде қаржы бөлімшесімен екі данада берген бастапқы есептік құжат бойынша әрбір тамақ қабылдауға асхана бойынша кезекшінің қатысуымен нұсқаушы-аспазшының (аға аспазшы, аға кок) қол қоюы арқылы беріледі. Мемлекеттік мекеме бастығының бұйрығына сәйкес тағам қабылдау бойынша тамақтанатындардың санын күн сайын кадр бөлімшесінің лауазымды тұлғаларымен бастапқы есептік құжаттар берер алдында қаржы бөлімшесіне жеткізеді және тамақтанушылар қозғалысын есепке алу кітабына штаб бастығының немесе оның орынбасарының (көмекшісінің) қолымен расталады.»;

57 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«57. Мемлекеттік мекеме бастығымен қаржы бөлімшесіне тамақтанушылардың саны жөнінде мәліметті беру уақыты (есеп уақыты) белгіленеді.»;

59 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«59. Қоймадан асханаға азық-түлікті беру әрбір ас қабылдау бойынша жүргізіледі. Жекелеген жағдайда, тоңазтқыш құрылғылары және азық-түлікті сақтауды ұйымдастыру бөлмелері жеткілікті болған кезде Мемлекеттік мекеме бастығының рұқсатымен азық-түлікті қоймадан асханаға тәулігіне бір рет беруге жол беріледі.»;

61 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«61. Мемлекеттік мекемеде осындай ыдыстың екі жинағы болуы, оның біреуі қоймада, басқасы асханада сақтауда тұруы тиіс.»;

65 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«65. Ерекше жағдайларда (демалыс, мереке күндері, азық-түлік алу күндері) асханада азық-түліктерді сақтау мүмкіндігі болған кезде Мемлекеттік мекеме бастығының шешімі бойынша асханаға азық-түліктерді беру тәртібі өзгертілуі мүмкін.»;

67 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Азық-түліктерді қазанға салуды аспазшы асхана бойынша кезекшінің және басқа да лауазымды тұлғаларының қатысуымен Ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес жүргізіледі.»;

68 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«68. Дайын тағамды таратар алдында, оның сапасы лауазымды тұлғаларымен Ішкі қызмет жарғысының талаптарына сәйкес тексереді.»;

72 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«72. Тамақты таратуды қолдануымен тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде түстену үстелдері бөлімшелерге бекітілмейді, Мемлекеттік мекеме бастығының бұйрығымен бөлімшелермен тамақ қабылдау кестесі бекітіледі, ол асхананың вестибюлінде ілінеді. Әр әскери қызметшіге тамақты тарату жеке іске асырылады.»;

73 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«73. Үстелдерді әзірлеу әдісімен тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде Мемлекеттік мекеме бастығының бұйрығымен әрбір бөлімшеге тамақ ішетін үстелдер бекітіледі. Әрбір түстенетін үстелге бөлім командирі үстелге жауапты адамды бекітеді.»;

74 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«74. Бөлімшелер бойынша кезекшілер (бос ауысымның кезекшісімен бірігіп) тамақ қабылдағанға дейін 15 - 20 минут бұрын әзірленген үстелдерді қабылдау және бөлімшелерді қарсы алуға асханаға барады.»;

75 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«75. Мемлекеттік пекеме бойынша кезекшінің рұқсатымен кезекші ауысымының жеке құрамы асхана бойынша кезекшіден әзірленген үстелдерді қабылдайды.»;

78 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«78. Бөлімшелер асханаға келген соң, Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бойынша кезекшінің рұқсатымен бөлімшеге асханаға кіруге команда береді.

Бөлімше командирінің бұйрығы бойынша әскери қызметшілер үстелге отырады, таратушылар оларға біркелікі таратуға, әскери қызметшілер - тамақтануға кіріседі.

Үстел бойынша жетекші әр үстелдегі тамақтанушыға дайын тағам мен азық-түліктің бірдей берілуіне, тамақ қабылдау кезінде әскери қызметшілердің тәртібіне, тамақ қабылдау мәдениетіне, сондай-ақ тамақ қабылдағаннан кейін асхана ыдысын тапсыруына бақылауды жүзеге асырады.»;

79 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«79. Асхана бойынша тәуліктік наряд құрамының адамдары тағамды Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бастығымен белгілейтін уақытта қабылдайды.»;

82 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«82. Тағамның белгіленген сақталу мерзімдері аяқталғанға дейін асханаға келу мүмкіндігі болмайтын жеке құрам үшін азық-түліктер қазанға салынбайды. Мұндай жағдайларда Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бойынша кезекшінің нұсқауы бойынша болмаған әскери қызметшілерге, олардың асханаға келу уақытына қарай тағам жеке дайындалады.»;

83 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«83. Асханада тамақ әзірлеудің сапасын жақсарту, аспаздық құрамның біліктілігін арттыру мақсатында айына кемінде бір рет бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіру ұйымдастырылады (шекара бөлімшелерінің асханасында – тоқсан сайын).»;

84 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«84. Бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіруді нұсқаушы–аспазшыны (нұсқаушы-коктың), сондай-ақ едәуір білікті аспазшыларын қатыстыра отырып, азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғаларымен өткізеді.»;

85 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«85. Бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіруді өткізер алдында, дайындық кезеңінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіру кезінде жүргізілетін технологиялық операцияларды және нақты тағамды дайындауға жауапты аспазшыларды көрсете отырып бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіру кестесін жасайды.»;

86 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«86. Бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіру нәтижелері бойынша осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес акт жасалады.»;

87 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«87. Актіде асхананың жұмысындағы оң және жағымсыз сәттер аталып өтеді, әрбір аспазшының жұмысына баға беріледі, сондай-ақ асхана жұмысын одан әрі жақсарту жөнінде жалпы қорытындылар мен ұсыныстар жасалады. Актіге бақылау-көрсеткіштік тамақ пісіруді жүргізген адам қол қояды және Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бастығымен бекітіледі.»;

89 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«89. Заңды және жеке тұлғаларды қатыстырумен тамақтандыруды ұйымдастыру жағдайда Мемлекетік мекеме бастықтарымен (ҰҚК ӘТҚД бастығы) заңды және жеке тұлғалармен тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге мемлекеттік сатып алу шартын жасайды (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу туралы шарты).»;

92 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «92. Заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғаларымен келесі іс-шаралар жүзеге асырады:

1) қызметті жеткізушімен бірлесіп апта сайын әрбір норма бойынша бөлек үш данада азық-түліктердің ас-мәзірі дайындалады. Азық-түліктердің ас-мәзірінің бірінші данасы азық-түлік бөлімінде сақталады, екіншісі – тамақтанушылар танысып қарау үшін асхананың түстену залында (вестибюлінде) ілінеді, үшіншісі– қызметті жеткізушіге жолданады. Бекітілген ас-мәзіріне өзгертулер Мемлекеттік мекеме бастығының жазбаша рұқсаты негізінде енгізіледі;

2) әскери қызметшілерді тамақтануға уақтылы, оның ішінде демалыс және мерекелік күндерде жеке ас қабылдауға қосу (тамақтанудан алып тастау) қамтамасыз етіледі;

3) келесі күнге ас қабылдау бойынша бөлінген асханада тамақтанушылардың саны туралы, ал аптаның соңғы жұмыс күнінде – демалыс (мерекелік) күндерге асханада тамақтанушылар туралы мәліметтер қызметтерді жеткізушіге күнделікті (16.00-дан кешіктірмей) жолданады. Демалыс (мерекелік) күндері әскери қызметшілер келген (кеткен) жағдайда асханада тамақтанушылар саны туралы мәліметтер нақтылануы мүмкін. Нақтыланған мәліметтер қызметтерді жеткізушіге Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бойынша кезекшінің қолымен тамақтанушылар саны өзгерген ас қабылдауға дейін 4 сағаттан кешіктірмей жолданады;

4) тамақтанушылардың асханаға күн тәртібімен (қызмет атқару регламентімен) белгіленген уақытқа уақтылы келуі және олардың ас қабылдау кезінде тәртіпті сақтауы қамтамасыз етіледі;

5) қызмет жеткізушілердің мемлекеттік сатып алу туралы шартты орындауы бойынша күнделікті бақылау жүзеге асырылады.

Заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде ҰҚК ӘТҚД лауазымды тұлғаларымен келесі іс-шаралар жүзеге асырады:

1) апта сайынғы азық-түлік ас-мәзірі айына бір мәрте екі данада дайындалып, бір данасы қаржы бөліміне төлем жүргізуге, екінші данасы қызмет көрсететін жеткізушіге ас әзірлеуде басшылыққа алуға жолданады. Бекітілген азық-түліктің таратылымына өзгерістер ҰҚК ӘТҚД бастығының жазбаша рұқсатымен енгізіледі;

2) тамақтанушылар саны мемлекеттік сатып алу заңы жасалған бетте жеткізіледі және нақтылау, қажет болған жағдайда жүргізіледі. Бұл жағдайда ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары лауазымды тұлғаларымен айдың 3 жұлдызынан кешіктірмей материалдық қамтамасыз ету бөлімшесіне әскери қызметшілерді тамақпен қамтамасыз етуге бөлімше бастығымен немесе оның орынбасраымен қол қойылған осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес тапсырыс беріледі. Азық-түлікпен қамтамасыз етілетін әскери қызметшілердің саны өзгерген жағдайда, әскери қызметшілерді тамақтандыруға қосымша бекітілген тапсырыс және түсіндірме – хаты жолданады;»;

93 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Қызметтерді орындау бойынша бақылау өзіне, күнделікті мемлекеттік мекеменің (бөлімшенің) лауазымды тұлғаларымен дайын астың сапасын, азық-түлік ас-мәзірінде көрсетілгендей тағамдардың нақты шығымдық салмағының есептік салмағына сәйкестігін, сонымен қатар тамақтануға тіркелген әскери қызметшілер санына әзірленген тағам үлестерін тексеруді қосады.»

95 тармақ мынадай редакцияда жазылсын

«ҰҚО қызметті көлемі, сапасы және мемлекеттік сатып алу шарты талаптарына сәйкестігін қабылдауды, тиісті лауазымдық міндеттер жүктелген лауазымдық тұлғалар жүргізеді.

Мемлекеттік мекеменің (бөлімшенің) асханасында қызмет көрсету кезінде қызметті қабылдау Бақылау кітабында жазылады.

Қызмет көрсету жеткізушіге (жеткізушімен) тиесілі (жалға алған) қоғамдық тамақтану мекемелерінде көрсетілген жағдайда лауазымды тұлғалармен күнделікті қызмет көрсететін жеткізушімен бірлесіп, осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес тізім рәсімделеді.

ҰҚК қарсы барлау және Әскери полиция органдарында, әр айдың 3 кешіктірмей ҰҚК ӘТҚД әскери қызметшілерді тамақпен қамтамасыз етуге бөлімше бастығымен немесе оның орынбасарымен бекітілген, осы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес әскери қызметшілерді тамақтандыру туралы есеп жолданады.»;

5 тараудын атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«5 тарау. Шекара бөлімше (бөлім) және шекаралық бақылау бөлімшелерінде (бөлімдерінде) әскери қызметшілерді тамақтандыру.»;

97 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«97. Шекара бөлімше (бөлімі), шекаралық бақылау бөлімшелері (бөлімдері) (бұдан әрі – шекара бөлімшесі) жеке құрамын тамақтандыруды жеке құрамның қызмет атқару, оның ішінде түнгі уақыттағы қызмет атқару ерекшеліктерін есепке ала отырып, белгіленген Қамтамасыз ету нормаларына сәйкес шекара бөлімшесінің бастығы ұйымдастырады.»;

98 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«98. Шекара бөлімшесінің бастығы жеке немесе оның тапсырмасы бойынша бөлімше бастығының орынбасары аспазшыға нақты берілген азық-түліктерді ұдайы тексеру арқылы азық-тұліктің толық берілуін және дайындалған тағамның көлемі мен сапасын тексереді, оны жеке құрамға беруге рұқсат береді және нәтижелерін Бақылау кітабына жазады.»;

99 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«99. Шекара бөлімшесінде тағамдар Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бастығы бекіткен азық-түліктердің ас-мәзіріне сәйкес әзірленеді.»;

100 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«100. Шекара бөлімшелерінде азық-түліктер қоймадан асханаға аспазшыға бөлімше кезекшісінің қатысуымен азық-түлік ас-мәзірі және қазандық үлесте тұрған жеке құрамның саны бойынша беріледі.

Түнгі уақытта қызмет атқаратын әскери қызметшілердің тамақтануы (түнгі үлестер) белгіленген қосымша нормасы бойынша Қамтамасыз ету нормасына сәйкес жүзеге асырылады. Шекара бөлімшесінің старшинасы азық-түлікті түнгі уақытта тамақ даярлайтын аспазшыға береді. Аспазшы азық-түлікті шекара бөлімшесі бойынша кезекші ұсынған тізімге сәйкес береді. Тәуліктік берілімнің саны шекара қызметінің кітабымен салыстырылады.»;

102 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«102. Далалық жағдайларда (далалық оқу-жаттығуларда, маневрлерде, полигондарда, оқу орталықтары мен лагерьлерде, Мемлекеттік мекемелердің орналасқан пункттен қашықта әрекет ететін бөлімшелерде, табиғи апат және зілзала аудандарында) әскери қызметшілерді тамақтандыруды азық-түлік пункттерінде тамақ дайындаудың бөлімше (топ) басшыларымен ұйымдастырады.

Далалық техникалық құралдары жоқ бөлімшелер тамақтануға аталған далалық техникалық құралдары бар басқа бөлімшелерге бекітіледі.»;

104 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«104. Әскери қызметшілердің тамақтануы құраманың Мемлекеттік мекеме бастығы бекіткен азық-түліктердің ас-мәзірі бойынша ұйымдастырылады.»

107 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«107. Ыстық тамақты қабылдау уақыты Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бастығымен белгіленеді.»;

112 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«112. Азық-түлік пункттерінде және уақытша асханаларда жұмысқа медициналық тексеруден өткен аспазшылар және наубайшылар жіберіледі. Мемлекеттік мекеме бастығының шешімі бойынша штаттық аспаздық құрамы болмаған бөлімшелерде тамақ дайындауға Медициналық тексеруден өткен бөлімшенің әскери қызметшілеін тартуға рұқсат етіледі.»;

113 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«113. Авиациясының ұшу және инженерлік-техникалық құрамын тамақтандыру (ұшу, инженерлік-техникалық құрам) тиісті асханалары арқылы ұйымдастырылады.»;

115 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«115. Авиацияның инженерлiк-техникалық құрамының әскери қызметшiлерiн тамақтану үлесіне тұрғызу рұқсат етілген жағдайда Мемлекеттік мекеме бастығының бұйрығымен жүргізіледі.»;

121 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«121. Ұзақ қонусыз ұшуларды орындау кезінде ұшақтар және тікұшақтар экипажының жеке құрамы ұшақтар және тікұшақтар экипажы үшін борттық үлеспен қамтамасыз етіледі. Қажетті үлес санына өтінім кадр бөлімшесі азық-түлік қызметіне ұшақтардың (тікұшақтардың) ұшуына дейін 10 сағаттан кем емес уаққытта беріледі.»;

123 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«123. Борттық үлестер және ыстық шаймен термостар салынған борттық сөмкелер әуеайлаққа кадр бөлімшесінің өтінімінде көрсетілген сағатында жеткізіледі және әрбір ұшаққа (тікұшаққа) ұшуда тамақтануды ұйымдастыру үшін жауапты экипаж мүшесінің біреуіне жөнелтпе құжатына қол қойғызуымен тапсырылады.»;

131 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«131. Камбуздары жоқ кіші катерлердің жүзу құрамы өз бөлімінің жағалау базасынан қашықта және шекара бөлімшелерінде (бөлім) уақытша  қызмет атқарулары барысында, Қамтамасыз ету нормасына сәйкес, бөлімшенің (бөлім) асханасында бөлімше жеке құрамы қамтамасыз етілетін азық-түлік үлесі бойынша алады.»;

132 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«132. Әскери-медициналық мекемелерде (лазареттерінде) ем қабылдаудағы науқастарды тамақтандыру Қамтамасыз ету нормасына сәйкес емдік азық үлесі бойынша ұйымдастырылады.»;

133 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«133. Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіш бойынша асқорыту органдарының ауруымен ауратын әскери қызметшілер үшін диеталық тамақтандыру ұйымдастырылады.»;

134 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«134. Мемлекеттік мекемеде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру медициналық топ бастығына жүктеледі. Емдік азық үлесінің нормасы бойынша азық-түліктің ас-мәзірін, сондай-ақ дителық тамақтандыруды ұйымдастырудағы ас-мәзірі медициналық топ бастығымен, азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлға және нұсқаушы аспаздың (аға аспаздың) қатысуымен жасалып, Мемлекеттік мекеме  бастығымен бекітіледі.»;

135 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«135. Медициналық топ бастығының қорытындысы негізінде Мемлекеттік мекеме бастығының бұйрығымен әскери қызметшіні емдеу үшін, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге диеталық тамақтандыруға тұрғызу жүргізіледі.»;

137 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«137. Жеке орналасқан бөлімшелерінде емдәмдік тағам ұйымдастырылмайды.»;

138 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«138.Әскери-медициналық мекемелерде (лазареттерде) науқастар олардың түсу уақытына байланысты қабылданады.»;

142 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«142. Қарауылда тағамды дайындау үшін жағдай болмаған кезде,
ал әскери наряд әскери қызметшілердің асханасында тағам қабылдау мүмкіндігі болған жағдайда, ол термоспен жеткізіледі және медициналық тексеруден өткен тағамды үлестірушімен беріледі.»;

143 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«143. Қарауылдар (әскери нарядтар) үшін тағам медициналық қызметкер және Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бойынша кезекші сапасын тексергеннен кейін жеке құрамға оны жалпы таратқанға дейін таза термостарға сұрыпталады. Тағамы бар термостарды Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бойынша кезекші мөрлейді. Нан, асхана құралдары және ыдыс-аяқтар санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретін арнайы ыдыста тасымалданады. Жеткізілген тағамды, жеткізу уақытын қоса алғанда 3 сағаттан көп емес сақтауға рұқсат етіледі. Осы мерзім өткеннен кейін тағам 15 -20 минут қайнатылады (пісуі жеткізіледі) және бір сағат ішінде пайдаланылады. Оны ары қарай сақтауға рұқсат етілмейді.»;

145 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«145. Мемлекеттік мекеменің орналасу пунктінен едәуір қашықтықта қызмет атқаратын саны 3 – 5 адам қарауылдар кіші командалар Қаматамыз ету нормасы бойынша азық-түлікпен, тағамды даярлау және суды жеткізу (сақтау) шағын құралдарымен қамтамасыз етіледі. Тағамды тікелей қызмет ету орындарында арнайы дайындықтан және медициналық тексеруден өткен қарауылдың бір әскери қызметшісі дайындайды.»;

152 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«152. Гаупвахтада жазасын өткеріп жүрген әскери қызметшілер ведомствалық ерекшеліктеріне қарамастан, гауптвахта азық-түлікпен қамтамасыз ету үлесінде бекітілген азық-түлік үлестерінің негізгі (жалпыәскери) нормасы бойынша қамтамасыз етіледі. Тамақтану үлесіне тіркеу азық-түлік атестаттары негізінде жүргізіледі.»;

153 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«153. Гауптвахтада ұсталатын әскери қызметшілердің саны туралы мәлімет, әскери қызметшілердің гаупвахтаға түскен мерзімінен, белгіленген сот шешімі (қаулысы) негізінде жазасын өтеу уақытында тамақпен қамтамасыз етуге гаупвахта бастығымен Мемлекеттік мекемеге ұсынылады.»;

154 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«154. Әскери қызметшілерге ЖТР Қамтамасыз ету нормасына сәйкес, сонымен қатар мерзімі өтуіне жол бермеу мақсатында және жаңарту тәртібінде беріледі. ЖТР беру үшін бастапқы есеп құжаттарын (жүк құжат) шығаруға негіз болатын Мемлекеттік мекеме бастығының бұйрығында кімге қанша күнге ЖТР беру көрсетіледі.»;

155 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«155. Мемлекеттік мекемесінің қоймасынан ЖТР бөлімше командирі (старшина) қабылдайды. Азық-түлік қоймасынан ЖТР есептен шығаруға бастапқы есеп құжаттары, ал Мемлекеттік мекеме есебінен – бөлімше командирінің (старшинаның) тамақтандыру рационын шығындау туралы баянаты және әр әскери қызметшіге тамақтандыру рационын беру туралы үлестіру тізімі негіз болады. Бұл ретте әскери қызметші тамақпен (ақшалай өтемақымен) қамтамасыз етілгенін (қамтамасыз етілмегенін) қаржы бөлімшесінің бухгалтері тексереді.»;

157 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«157. Жауынгерлік дайындықты қамтамасыз ету мақсатында ЖТР бөлімшеге (әскери қызметшілерге) берілуі мүмкін. Бұл жағдайда ЖТР беруге Мемлекеттік мекеме бастығының бұйрығы және оның негізінде рәсімделген бастапқы есеп құжаттары негіз болады. ЖТР Мемлекеттік мекеме есебінен шығарылмайды, бөлімше есебінде тұрады. ЖТР тек осы Тәртіптің талаптарына сәйкес есептен шығарылуы мүмкін.»;

көрсетілген Қағидалардың 3, 4 және 5-қосымшалары осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын

3-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына тиіс жаңа редакцияда жазылсын:

4-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына тиіс жаңа редакциада жазылсын;

5-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына тиіс жаңа редацияда жазылсын;

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6-қызметінің  Шекара қызметі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                    Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

     ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                               К. Мәсімов

 

 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

20__ жылғы «___» ____________
№ ______ бұйрығына

1-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік  органдарында тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына

3-қосымша

 

 

Тағамды дайындау сапасына бақылауды есепке алу

КІТАБЫ

 ______________________________________________________________

(бөлімшенің атауы)

 

________ ж. «______»________________  басталды

________ ж.  «______»_______________ аяқталды

 

Тамақ қабылдау


"__" _____ 20__ ж таратылымы бойынша тағамның атауы.

Қазанға салынды, кг

нақты
масса,

Фамилия повара, приготовившего пищу

Дәрігердің қорытындысы (дайын тағамның сапасы және асхананың санитарлық күйі туралы фельдшер)
 

Тағамды беруге Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бойынша кезекшінің рұқсаты

Дайын тағамның дәмдік сапасы және өлшемнің толық салмағын Мемлекеттік мекеме бастығы (басқа да өкілетті тұлғалардың) бағалауы

ет
(балық)

картоп

крупы (макаронных изделий)

тағам

ет
(балық) 
өлшемі

масса

% отхода

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Таңғы ас

                     

 Түскі ас 

                     

 Кешкі ас

                     

 

Нұсқаушы-аспаз ____________________________________________________________

(воинское звание, подпись, инициал имени и фамилия)

 

Жазудың дұрыс жүргізілуін және азық-түліктің қалдығын тексердім            ________________________________________________

(воинское звание, подпись, инициал имени и фамилия)

"__" _____________20__ г

 

Ескертпе: 1. Тағамды дайындау сапасын бақылауды есепке алу кітабы асхананың санитарлық күйін, өлшемдердің толық салмағын, тағамды дайындау сапасына бақылауды есепке алу үшін арналған.

2. Кітап Мемлекеттік мекемесінің (бөлімшенің) асханасында жүргізіледі.

3. 2-бағана азық-түліктің таратылымы негізінде нұсқаушы-аспазшымен (аға аспазшы) толтырылады.

4.  3-6 бағана қазанға азық-түліктерді салу және қалдық пайызын анықтағаннан кейін асхана бойынша кезекшінің қатысуымен нұсқаушы-аспазшымен (аға аспазшы) толтырылады. Еттің салмағы бөлшек түрінде: алымында – еттің салмағы, бөлгіште – сүйектің салмағы көрсетіледі.

Осы адамдарбірінші тағам бойынша 7 және 8 бағаналарды толтырады, 7-бағанда етсіз және балықсыз өлшемнің салмағы, екінші тағам бойынша – гарнир мен тұздықдың салмағы (жарнақ арқылы) жазылады.  8-бағанда ет пен балықтың нақты өлшемі жазылады.

5. 10-бағанда тағамның сапасы - "Сапалы" немесе "Сапасыз"; санитарлық күйін бағалау - "Жақсы", "Қанағаттанарлық" немесе "Қанағаттанарлықсыз" жазылады.

6. 11-бағанда: "Тағамды беруге рұқсат етемін" немесе "Тағамды беруге рұқсат етпеймін" - деп жазылады.

7. 12-бағанда тағамның дәмдік сапасын бағалау жазылады: "Өте жақсы", "Жақсы", "Қанағаттанарлық" немесе "Қанағаттанарлықсыз", өлшемнің толық салмағы - "Өлшемнің салмағы толық" немесе "Өлшемнің салмағы толық емес". Өлшемнің салмағы толық еместігін байқаған кезде ондағы жетіспейтін азық-түліктер көрсетіледі.

8. 10-12-бағандарда осы жазуларды енгізген адамдар жазады.

 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

20__ жылғы «___» ____________

№ ______ бұйрығына

2-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының ұлттық

қауіпсіздік  органдарында

 тамақтандыруды ұйымдастыру

қағидаларына

4-қосымша

 

 

_____________ тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілуін жүргізу

КЕСТЕСІ

 


р/с

Жұмыстардың атауы

Орындаушы

Жұмыс уақыты

басталуы

ұзақтығы

аяқталуы

час.

мин.

час.

мин.

час.

мин.

1.

КПВП өткізу тәртібімен сабаққа қатысушыларды таныстыру, аспазшылардың теориялық дайындығын тексеру, азық-түліктерді өңдеу және тағамды дайындау бойынша аспазшылардың міндеттерін бөліп беру

КПВП басшысы, нұсқаушы-аспазшы  

           

2.

Қоймадан азық-түліктерді қабылдау               

Нұсқаушы-аспазшы, асхана бойынша кезекші      

           

Салқын дәмтатымдарды дайындау

3.

Көкөніс салатын дайындау үшін жемістерді бастапқы және жылулық өңдеу               

Аспазшы     

           

4.

Көкөністерді турау       

Аспазшы           

           

5.

Салатты араластыру      

Аспазшы             

           

1-2 тағамдарды дайындау

6.

Етті опыру және сүйектерді қасаптау      

Аспазшы           

           

7.

Сорпа дайындау

Аспазшы          

           

8.

Етті салу және пісіру

Аспазшы         

           

9.

Етті алу, жібіту және оны 2-тағам дайындау үшін порцияға бөлу                

Аспазшы       

           

10.

Котлет массасын дайындау      

Аспазшы           

           

11.

Котлетті қуыру, өлшеу          

КПВП басшысы, аспазшы   

           

12.

Ет және котлет порциясын  қайта жылулық өңдеу      

Аспазшы          

           

13.

1-тағам үшін көкөністерді турау                

Аспазшы      

           

14.

1-тағам үшін картоп пен көкөністерді жылулық өңдеу

Аспазшы         

           

15.

пияз, сәбіз және қызанақты тұздау  

Аспазшы           

           

16.

1-тағамды құю     

Аспазшы       

           

Гарнир және компот, тұздықты дайындау

17.

Тұздық үшін сорпа пісіру және сүйектерді қуыру    

Аспазшы        

           

18.

Қызыл тұздықты дайындау                

Аспазшы       

           

19.

Дақылдарды таңдау және жуу, қазанға су құю және гарнир дайындау              

Аспазшы        

           

20.

Компот дайындау

Аспазшы           

           

21.

3-тағамды суыту   

Аспазшы      

           

22.

Суытылған компотты саптыаяқ бойынша құю   

Аспазшы           

           

23.

1 және 2-тағамның нақты шығуын анықтау            

КПВП басшысы,  нұсқаушы-аспазшы  

           

24.

Тағамның сапасын анықтау                

КПВП басшысы,  нұсқаушы-аспазшы  

           

25.

Түстену үстелдерін әзірлеу               

Асхана бойынша кезекші      

           

26.

Тағамды беру          

Аспазшылар

           

27.

Жеке құраммен тағамды қабылдау             

Асхана бойынша кезекші, бөлімше командирі, жеке құрам 

           

28.

Тамақтанушылардан тамақтың дайындалу сапасы туралы сұрау                 

КПВП басшысы

           

29.

КПВП құжаттық ресімдеу және қорытындыларды шығару      

КПВП басшысы

           
                     

 

 

Тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілімінің басшысы:

_________________________________________________________________

(звание, подпись, инициал имени и фамилия)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

20__ жылғы «___» ____________

№ ______ бұйрығына

3-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасының ұлттық

қауіпсіздік  органдарында

 тамақтандыруды ұйымдастыру

қағидаларына

5-қосымша

 

 

Бекітемін

__Мемлекеттік мекеме (бөлімше) бастығы

______________________________

20__ жыл "__" _________________

 

АКТ

Асханада жүргізілген тағамның бақылау-көрсеткіш пісіріліміне

АКТ

________

 

20__ ж. "__" __________                                                                                                                ________________ қ.

 

      Мен ______________________________________________________________________________,

негізінде ______________________________________________________________ ___________________  № ___ норма бойынша барлық жеке құрам үшін түскі асты дайындаумен асханада тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілімін жүргіздім.

Тағамның бақылау-көрсеткіш пісіріліміне қатысқандар: ______________________________________ барлығы ________________ адам.

Тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілімін өткізер алдында асхананың, қойманың жай-күйі, санитарлық-гигиеналық талаптарын сақтау, технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарының жөнділігі, оның пайдалануының дұрыстығын, қоймадағы азық-түліктердің саны мен сақтауы тексерілді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тәжірибелік шаралар қолданылды, сондай-ақ аспазшылармен сабақтар мен нұсқама жүргізілді. 

Азық-түліктердің таратылымы бойынша тағамды дайындау барысы келесі тағамдарды дайындауға қарастырылған: _______________________________________________________________________

Бекітілген азық-түліктің таратылымына және №  _____________ жөнелтпе бойынша тамақтанушылардың санына сәйкес азық-түліктер асханаға қабылданды.

Азық-түліктерді асханаға жеткізу және азықтық өңдеуге дейін оларды сақтау жүргізілді: ____________________________________________________________

 

АЗЫҚ-ТҮЛІКТЕРДІ БАСТАПҚЫ ӨҢДЕУ КЕЗІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ШЫҒЫНДАР:

 

Азық-түліктің атауы

Алынды,

кг

Норма бойынша шығын

Нақты шығын

Бастапқы өңдеуден кейінгі салмағы

 

 

%

саны, кг

%

саны, кг

 

Ет              

 

 

 

 

 

 

Картоп         

 

 

 

 

 

 

Сәбіз           

 

 

 

 

 

 

Қызылша            

 

 

 

 

 

 

Пияз     

 

 

 

 

 

 

Жасыл жуа       

 

 

 

 

 

 

 

    Азық-түліктерді бастапқы өңдеу кезінде пайда болған нақты шығындар

___________________________________________________________________________

  Тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілімін өткізу кезінде етті, картопты, көкөністерді, дәнді-дақылдарды бастапқы өңдеу бойынша, бірінші, екінші және тәтті тағамдарды дайындау үшін судың қажетті мөлшеріне, сондай-ақ салқын дәмтатымдар, азық-түліктерді қазанға салу жүйелігін, ұн мен көкөністерді өлшеу, еттің нақты шығуы оны өлшеу кезінде пайызы көрсетілген болатын.

 

ЕСЕПТІК ДЕРЕКТЕРДІ САЛЫСТЫРУ БОЙЫНША ДАЙЫН ТАҒАМНЫҢ НАҚТЫ ШЫҒУЫ МЫНАЛАРДЫ ҚҰРАДЫ:

 

Тағамды қабылдау

Таратылым бойынша бір порцияның есеп бойынша шығуы

Нақты шығуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есеп бойынша нақты шығулардан ауытқу жол берілетін шектерде болады  _______________________________________________________________

Тағамның бақылау-көрсеткіш пісіріліміне қатысушы адамдар дайындаған тағамды органолептикалық бағалау:

___________________________________________________________________________

Үстелдерді әзірлеу жүргізілді_____________________________________________

Тағамды біркелкі таратуды қамтамасыз ету үшін бақылаулық порциялар бекітілген болатын.

Тамақтанушылармен дайындалған тағамның дәмдік сапасын бағалау:

___________________________________________________________________________

 

Тамақтанушылардың ескертулері мен ұсыныстары__________________________________

 

ҚОРЫТЫНДЫ:

___________________________________________________________________________

 

ҰСЫНЫСТАР:

___________________________________________________________________________

 

Тағамның бақылау-көрсеткіш пісірілімін өткізген:

___________________________________________________________________________

                             (атағы, Т.А.Ә.)

 

Дата публикации: 20.07.2020
Пояснительная записка27.12 KB