Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №104/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1.«Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17973 тіркелген, 2019 жылғы 3 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Аталаған бұйрықпен бекітілген рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің Қағидасында

   11-ші  тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«11.Рұқсат беру органы рұқсат беру немесе оған дәлелді түрде рұқсат беруден бас тарту туралы ақпаратты  өтініш тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күннен кешіктірмей  электрондық құжат түрінде береді.»;

14-ші  тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

 «14.Осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары туралы есеп рұқсат беру органына есеп беретін жылдан кейінгі жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей  www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы  жүзеге асырылады. Есептің түпнұсқасы екінші санатты рұқсаты бар өкілетті тұлғаның тіркеуіне қойылады.»;

көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
  2. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                Қазақстан Республикасы

          Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  

                            Төрағасы                                                                   К. Мәсімов

 

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

2020 жылғы «    » наурыз

 

 

КЕЛІСІЛДІ:

Қазақстан Республикасы Ұлттық

экономика  министрлігі

 

2020 жылғы «    » наурыз

 

 

 

 

 Қазақстан Республикасы

   Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2020 жылғы «___» ______ 

№ _____ бұйрығына

Қосымша

 

Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру   қағидаларын және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне

2-қосымша

                                                                                                                                                                       Нысан

 

20____ жылғы «___» ______ бастап  20_____ жылғы «___» _____ дейінгі кезеңде өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары бойынша

ЕСЕП

 

Р/с

Өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының атауы, техникалық зерттеу бойынша қорытындының нөмірі және күні

Өткізу үшін негіз (келісімшарттың (шарттың) нөмірі, жасалу және орындау мерзімі, өткізуге шарт жасалған ұйымның заңды  және нақты мекен жайы, жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі (болса), байланыс телефондары)

Өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарының саны

1

2

3

4


 


 


 


 

 

_____________________________  ____________   ________________________________
 рұқсат беру органы басшысының лауазымы                     қолы                тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда)  

 

 

М.О. (ол болған жағдайда)                                             
 

______________________
          қойылған күні

 

Ескертпе::

өткізілген ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары туралы есеп DOC форматтағы 2-санатты рұқсаты бар өкілетті тұлғаның электронды-сандық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде рұқсат беру органына есеп беретін жылдан кейінгі жылғы 1 ақпаннан кешіктірмей  www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы  жүзеге асырылады. Есептің түпнұсқасы екінші санатты рұқсаты бар өкілетті тұлғаның тіркеуіне қойылады.

 

Дата публикации: 13.04.2020
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ32.17 KB