Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 49қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы
44-бабының
7- тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 17 шілдедегі № 49қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15487 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6-қызметінің  Шекара қызметі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3.   Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                    Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

     ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты                                   К. Мәсімов

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Төрағасының

20____жылғы «___» ________

№ ________ бұйрығына

қосымша

 

       Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Төрағасының

2017 жылғы 17 шілдесіндегі

№ 49 қе бұйрығымен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

 

 

1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде жалпы әскери үлес құнының мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу тәртібін белгілейді.

 2. Ақшалай өтемақы төлеу, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
44-бабының 7-тармағына сәйкес тамақтандырумен мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін әскери қызметшілердің тамақтануына арналған шығыстарды өтеу мақсатында жүргізіледі.

Келісімшарт бойынша әскери қызметтші іс-сапарға шыққанда және оған іс-сапар шығыстары белгіленген тәртіпте өтелген жағдайда, ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.

3. Ақшалай өтемақыны төлеу мемлекет органды ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

4. Тамақтандыруды ұйымдастыру жүзеге жүргізілмейтін ұлттық қауіпсіздік органдары (бұдан әрі - ҰҚО) тізбесін (бұдан әрі – Тізбе)
осы Қағидаларға 
қосымшаға сәйкес нысан бойынша:

1) Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі,  әскери қарсы барлау және әскери полиция органдары үшін – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6-қызметінің  Шекара қызметі Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті;

2) Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметі
(бұдан әрі – Авияция қызметі) үшін – Авияция қызметінің әскери және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасымен қалыптастырылады.

Тізбені Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік бойынша орынбасарлары бекітеді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік мекемелеріне ақшалай өтемақы төлейтін жылдың алдындағы жылғы 20 желтоқсаннан кешіктірмей жіберіледі.

5.  Ақшалай өтемақы төлеу үшін келісімшарт бойынша әскери қызметші әрбір есепті айдан кейінгі айдың 1 мен 5 күндері мемлекеттік мекеме басшысының атына баянат береді. Баянатқа келісімшарт бойынша әскери қызметшінің әскери қызметтің міндеттерін орындауын растайтын бөлігінде оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиістілігін дәлелдейтін саптық бөлімі бойынша бұйрықтардың және Шекара қызметі кітабының үзінділері (Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілері үшін), жауынгерлік қызмет кестесі (Қазақстан Республикасы Ұлтық қауіпсіздік комитеті әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарының келісімшарт әскери қызметшілері үшін) қоса беріледі.

6. Ақшалай өтемақыны төлеу келісімшарт бойынша әскери қызметші қызмет өткеретін ҰҚО бөлімшесінің уәкілетті лауазымды тұлғаның бұйрығы негізінде жүргізіледі. Бұйрықта әрбір келісімшарт бойынша әскери қызметшіге бір айлық ақшалай өтемақы сомасы көрсетіледі.

7.  Ақшалай өтемақыны төлеу бойынша мемлекеттік мекеме басшысы бұйрығының жобасы Шекара және Авиация қызметінде – (әскери) материалдық-техникалық  қамтамасыз ету бөлімшелерімен, сондай-ақ ҰҚК әскери қарсы барлау және әскери полиция органдарында – кадр бөлімшелерімен дайындалады.

8. Ақшалай өтемақыны төлеу әскери қызмет өткеру орны бойынша өткен ай үшін ағымдағы айда ақшалай үлес төлеумен бірге жүргізіледі.

Сонымен бірге, ақшалай өтемақы төлеу:

1) қаржыландыру жоспарында құралдар болғанда - ақшалай үлес төлеумен бірге;

2) құралдар болмағанда - қаржыландыру жоспарында тиісті өзгерістер енгізгеннен кейін жүргізіледі.

9. Ақшалай өтемақы алушылардың банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйымдарда ашылған ағымдық шоттарына, әскери қызмет өткеру орны бойынша аударылады.

10. Келісімшарт бойынша әскери қызметшінің ҰҚО бір мемлекеттік мекемесінен басқасына ауысуы кезінде жаңа әскери қызметін өткеру орына кеткен айда өтемақы төлеу бұрынғы әскери қызметін өткерген орны бойынша жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

ұлттық қауіпсіздік органдарының келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген
нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі болмаған кезде
жалпы әскери үлес құнының мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларына
Қосымша

 

 

Нысан

 

 

Тамақтандыруды ұйымдастыру жүргізілмейтін

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының

мемлекеттік мекемелер

тізбесі

 

 

р/с

Мемлекеттік мекемелер атауы

Бөлімше атауы

 

 

 

 

 

 

Дата публикации: 20.07.2020