Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 91 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 91 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14680 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде:

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. ЖІШ өткізу құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын телефондық сөйлесулер мен хабарламаларға сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз етуі тиіс.»;

38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«38. АҚА жинау және сақтау құралдары жүйелік уақытын Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 1 секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын мәліметтерге сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз ету тиіс.».

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

               Төрағасы                                                                                                                                                                           К. Масимов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

__________________ А. Жұмағалиев

2020 жылғы «____»_________

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Сауда және интеграция министрі

__________________ Б. Сұлтанов

2020 жылғы «____»_________

 

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 04.05.2020

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 20560 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Комитет Национальной Безопасности РК - Начальник  юридического департамента Комитета национальной безопасности РК Нурлан Серикбаевич Жолдасов, 31.01.2020 16:04:56, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Әділет Вице-министрі Наталья Виссарионовна Пан, 13.02.2020 16:25:57, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К. Масимов, 29.04.2020 12:36:57, положительный результат проверки ЭЦП

Дата публикации: 28.05.2020
пояснительная записка14.26 KB Сравнительная таблица14.59 KB