Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік қызметті реттеудің жай-күйі туралы 2018 жылғы есебі

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» № 202-V Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 және «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін лицензиар етіп айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ары қарай – ҰҚК, Комитет) қызметтердің келесі түрлерін лицензиялайды:

- жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру;

- ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру;

- ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру.

Осыған қоса, бірқатар рұқсат беру құжаттарын береді:

- үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;

- үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру;

- тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу;

- шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу.

- ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру[1].

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ҰҚК Төрағасының № 4-2015 жылғы[2], № 30-2015 жылғы[3], № 43-2015 жылғы[4] және № 104-2018 жылғы[5] бұйрықтарымен реттеледі.

1. Ұқсас өткен кезеңмен салыстырғанда ағымдағы ахуалды талдау

Есептік кезеңде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге тиіс мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді реттеу бойынша Ведомствоаралық комиссияның 40 отырысы өтті, нәтижесінде 746 көрсетілетін мемлекеттік қызметтер талданды, оның ішінде ҰҚК қатысты:

- 7 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша Жол карталары әзірленді (бұдан әрі - ЖК).

4 ЖК – жүзеге асырылды, 3 ЖК (ҰҚК Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызметтер бойынша) 2019 жылы орындауға ауыстырылды.

ҰҚК тарапынан 2018 жылы рұқсат беру жүйесін дамыту аясында ақпараттық қауіпсіздік саласындағы рұқсат беру рәсімдері мен лицензиялау бағытындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізілді.

Осының негізінде аталған саладағы мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына АКҚҚ (оның ішінде өзге де беру) өткізуге рұқсатты бірінші санаттан екінші санатқа өткізу бойынша ұсыныс. Заңға өзгеріс 2018 жылғы 24 мамырда қабылданды.

Тиісінше, ҰҚК көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Стандарттары мен регламенттері Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес келтірілді.

АКҚҚ (оның ішінде өзге де беру) өткізуге рұқсатты бекітуді (қол қоюды) ҰҚК 5-қызметі бастығына уәкілеттігін беру ұсынысы ҰҚК Төрағасы тарапынан қолдау тапты.

2018 жылдың қыркүйек айында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiс енгізу арқылы ҰҚК көрсететін мемлекеттік көрсетілетін барлық қызметтер электрондық форматқа көшірілді (2017 жылғы ұсыныс).

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы  26 шілдедегі № 90-р өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында келесі жұмыстар атқарылды.

2018 жылғы 29 қазанда № 691 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін лицензиар етіп айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 589 қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.

«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру
іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 72 және Қазақстан Республикасы ҰЭМ  2016 жылғы 9 қарашадағы  № 471 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 30 қарашадағы № 97/қе және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 желтоқсандағы № 94 бірлескен бұйрығына қол қойылды.

«Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 104/қе бұйрығына қол қойылды.

Жалпы айтқанда жүргізілген өзгерістер бизнеске деген әкімшілік қысымдарды төмендетуге бағытталған. Мысалы, рұқсат беру процедуралары жеңілдетілді (АКҚҚ (оның ішінде өзге де беру) өткізуге рұқсатты бірінші санаттан екінші санатқа өткізу, лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарының төмендетілуі) және жеке рұқсат беру құжаттарының өту мерзімдері қысқартылды (АТҚ мен АКҚҚ әкелу/әкету 15 күннен 8 күнге дейін, АТҚ мен АКҚҚ импорттау/экспорттауға келісу – 10 күннен 5 күнге, нотификацияны тіркеу 7 күннен 5 күнге дейін қысқартылды).

2. Реттеу саясатының негізгі нәтижелеріне қорытынды.

«Е-лицензиялау» ММБ порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша іс-әрекеттердің ішкі бизнес-процестерін талдау нәтижесі оларды автоматтандыру және оңтайландыру қажеттігін көрсетеді.

Мысалы, мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартудың 80 % астамы қызмет алушылар тарапынан ұсынылатын құжаттар топтамасының толық болмауынан немесе оларды дұрыс рәсімдемеу (қолдары қойылмаған, мөр жоқ т.с.с.) салдарынан болатыны көрінеді.

Форматты-логикалық бақылау енгізу арқылы осы мәселені шешуге болады, ол үшін қызмет алушының мемлекеттік қызметті алуға өтініш білдірген кезеңде толтыруға міндетті жолақтарды қарастыру қажет.

Осыған қоса, тәжірибе көрсеткендей «Е-лицензиялау» ММБ ақпараттық қауіпсіздікті жоғарлатуға бағытталған шаралар қолдану қажет. Мемлекеттік органдарда «Е-лицензиялау» ММБ рұқсат беруге қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың электрондық-цифрлық қолтаңбалар (ЭЦҚ), көп жағдайларда, Flash-тасымалдаушыларда немесе дербес компьютерлерде сақталады. Соның салдарынан, ЭЦҚ рұқсатсыз көшіріп алуға техникалық мүмкіншіліктер бар. Осыған орай, лауазымды тұлғалардың ЭЦҚ  тек АКҚҚ (Kaztoken, е-токен, Jacarta және т.б.) сақтау қажет  деп есептейміз.

Қазіргі кезде аталған ұсыныстар ары қарай жүзеге асыру үшін Премьер-Министрдің Кеңсесін ақпараттардыру үшін және жинақтау үшін Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жолданды.

ҰҚК есептік кезеңде келесі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсеткен:

 

№ р/с

Мемлекеттік қызметтің атауы

2018жылы

(2017 жылы) көрсетілген қызметтер

1.

Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де жолдармен беруге) лицензия беру

186

(250)

2.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және сату бойынша қызметпен айналысу үшін лицензия беру

20

(12)

3.

Ақпарат таралып кететін арналарды және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру

11

(10)

4.

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру

111

(81)

5.

Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитіне қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру

2057

(2326)

6.

Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу

10624

(10469)

7.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу

1233

(899)

Барлығы:

14242

(14047)

1,3 % артқан

ҰҚК Шекара қызметінің көрсеткен мемлекеттік көрсетілетін қызметтері*

 (Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес

 бақылау және қадағалау аясына кірмейді)

8.

Аумақтық суларда (теңізде), ішкі суларда және континенттік қайраңда кәсіпшілік қызметті жүргізу үшін қазақстандық кемелердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсат беру

3884

(6315)

9.

Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру

33409

(26438)

 

10.

Қазақстандық шағын көлемді өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін ( суүсті және суасты) кемелердің ( құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың Қазақстан Республикасының аумақтық суларына (теңізіне) және ішкі суларына шығуына рұқсаттамалар беру

5603

(5000)

Барлығы:

42896

(37753)

12% артқан

 

* - Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі көрсететін мемлекеттік қызметтері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 140-бабына сәйкес бақылау және қадағалауға аясына кірмейді.

ҰҚК көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруға жұмылдырылған штаттық қызметкерлердің саны – 8 қызметкер (ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерін есепке алмағанда).

3. Тәуекелдерді бағалау жүйесін қолданудың тиімділігін талдау.

2017 жылы тәуекелді бағалау жүйесі қолданылған жоқ.

4. Сандық және сапалық (төмендету және арттыру) көрсеткіштердің серпіні.

2108 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны - 14242 (14047), рұқсат беру құжаттарының 1,3 % артқанын көрсетеді.

5. Кәсіпкерлік қызмет субьектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзе асыру нәтижесінде пайдалар мен шығындарға негізделген тұжырымдар, мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу нәтижелері.

Кәсіпкерлік іс-әрекетті бақылау саласында тексеру объектілеріне бармау арқылы тексеру нысандарын қолдану тәжірибесі жалғасуда. Есептік мерзімде «Е-лицензиялау» ММБ және байланыс құралдары арқылы іс-әрекеті туралы уақтылы есептерді жолдамаған фирмалардың мекенжайларына хат-хабарламалар жолданылды. Бүгінгі күні жауаптар екі фирмадан басқасынан («Sevitek Systems», «О-Си-Эс-Казахстан» ЖШС) бәрінен келіп түсті, аталған фирмалар іс-әрекеттерін тоқтатқан, лицензиялары қайтарылды.

Тексерудің өзгеде түрлерін қолдану нәтижелерін талдау барысында лицензиаттар тарапынан Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамаларды жалпы сақтайтынын көрсетті. Дегенмен, есептер мен хабарламаларды уақтылы ұсынбау,  нысандарды толтырудағы қателіктер т.с.с. кемшіліктер кездеседі, олар құқықбұзушылықтарды ескерту мен алдыналу бойынша уақтылы шараларды қолданудың нәтижесінде жойылып отырды (хабарлама-хаттар, «e-license» арқылы лицензиаттарды ақпараттандыру, телефон арқылы кеңес беру). Бұдан ары тексеру субъектілеріне бармай-ақ аталған тәжірибені кең қолдану жалғастырылады.

6. Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар.

Ұсыныстар жоқ

7. Реттеуші мемлекеттік органдардың ақпараттық құралдары бойынша деректер.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті колданылатын ақпараттық құралдар толық тізбесі «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген.

8. Саладағы өзін-өзі реттеу туралы ақпарат.

Қолданылмайды.

9. Егер бар болса, тиісті саладағы кәсіпкерлік салада енгізілген реттеудің жүйелі реформалары туралы ақпарат және осы реформалар тиімділігін бағалауды келтіру.

Көрсетілген мерзімде осы салада реттеу реформалары жүргізілмеген.

10. Қолданыстағы, күші жойылған немесе өзгерген реттеуші құралдарды қайта қарау жөніндегі мемлекеттік органдардың жоспарларын іске асыру жөніндегі ақпарат.

Толық ақпарат есептің 1-тармағында берілген.

11. Реттегіш құралдарды оңтайландырудан кейін жүргізілген қайта құрылымдау туралы ақпарат (бар болған жағдайда).

Болмаған.

12. Келесі жылға мемлекеттік органның реттеу қызметі саласында болжанатын реформалар жоспарлары.

2018 жылы «Кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасы қабылданғаннан соң көрсетілген саладағы қызметтерді реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жалғасады.

 

Қазақстан Республикасының ҰҚК

 

[1] Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына енгізілді, тиісті өзгерістер стандарттар пен регламенттер әзірленуде.

[2]«Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларында қызметті жүзеге асыру үшін бiлiктiлiк талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 бұйрығы;

[3]«Қазақстан Республикасы ҰҚК көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 30 бұйрығы;

[4]«Қазақстан Республикасы ҰҚК көрсететін мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 43 бұйрығы.

[5] «Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидалары және Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын өткізуге (оның ішінде өзгеше беруге) рұқсатты беру бойынша рұқсат беру талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі» Қазақстан Республикасы ҰҚК Төрағасының 2018 жылғы 19 желтоқсандағы  № 104/қе бұйрығы

Дата публикации: 24.01.2019