Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

№___ дана

 

«Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу және жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталатын немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 702 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарғысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу және жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталатын немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 78917 болып тіркелді, Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №28, 232-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

          көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталатын немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесінде:

          реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

7

Түркістан

Төле би, Түлкібас, Қазығұрт

(Өзбекстанмен шекара)

 «Сайрам-Өгем» МҰТП

5-10 км

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі беретін шекаралық аймаққа кіруге арналған рұқсаттамалар бойынша шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың аталған аумаққа кіруі бөлігінде шекаралық режимнің қолданысы алып тасталады

 

».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

    Премьер-Министрі                                                               А. Мамин

 

Дата публикации: 09.11.2020
Түсіндірме жазба47 KB САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ34.5 KB