Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2013 ж., № 50, 708-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:

2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакциясында жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті;»;

3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакциясында жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілер бойыншақызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелерге;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2020 жылғы 13 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                           А. Мамин

Дата публикации: 14.09.2020
Түсіндірме жазба29.53 KB Салыстырма кесте25.88 KB