Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 67 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 34 067 ер азаматты 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін;».
2. Осы қаулы қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының А. Мамин
Премьер-Министрі