Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
Баспасөз хабарламасы

4 желтоқсанда болып өткен ТҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының мәжілісінде ҰҚК Терроризмге қарсы орталығының 2009 қызметінің қорытындысы шығарылды.

Мәжіліске қатысушы 9 республикалық министрлік пен ведомство өкілдері терроризмге және экстремизмге қарсы әрекет ету саласындағы бірлескен іс-шараларды одан әрі жандандыру шараларын талқылады. Комиссия жұмысының жоспары және 2010 жылға арналған республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуларды өткізу кестесі бекітілді.

ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары – Терроризмге қарсы орталықтың басшысы генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов өз сөзінде ағымдағы жылда халықаралық келісімдерді ратификациялау, әрекеттегі заңнаманы жетілдіру, ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік қауіпсіздік негіздерін нығайту бойынша бірқатар салмақты іс-шаралар іске асырылды деп атап өтті.

ТҚО Ведомствоаралық үйлестіру комиссиясының және ҰҚК облыстардағы Департаменттері жанындағы үйлестіру топтарының тарапынан мемлекеттік органдардың өзара әрекеттестігін нығайту және ықтимал террорлық қауіп-қатерлерге жауап қату механизмдерін жетілдіру бойынша, сондай-ақ стратегиялық және басқа да террорлық тұрғыдан жанды объектілердің террорға қарсы қорғанысын күшейту бойынша жұмыстар жалғастырылды.

Есеп беру кезеңінде «Запад-Антитеррор-2009» толық ауқымды республикалық жедел-тактикалық (тамыз, Ақтау қ.) оқу-жаттығуы өткізілді. Жалпы алғанда еліміз бойынша жоспарлы 194 терроризмге қарсы оқу-жаттығу мен жаттығу өткізілді.

Халықаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша тәжірибе жалғастырылды.

Мәжіліске қатысқан мемлекеттік органдардың басшылары ТҚО-ның 2009 жылдағы жұмысын қанағаттанарлық деп тапты. Комиссияның шешімімен қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар шара белгіленді.

 

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Дата публикации: 04.12.2009