Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Сенім телефоны

css for mob ver looking good

Мәзір
X
Аумақтық органдардың функциялары мен міндеттері

Ұлттық қауіпсіздік органдары территориялық департаменттері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және өз құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;
      2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік (салалық) бағдарламаларды іске асыруға қатысады;
      3) ҰҚК басшыларының келісімімен және өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес халықаралық, мемлекетаралық және өзге де ұйымдардың жұмысына қатысады, ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жататын қызмет саласында шет мемлекеттердің арнаулы қызметтерімен, құқық қорғау органдарымен, шет мемлекеттердің үкіметтік және арнаулы байланыс органдарымен, халықаралық қауіпсіздік құрылымымен және құқық қорғау ұйымдарымен өзара іс-қимылды және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;
      4) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратпен мемлекеттік органдарды қамтамасыз етеді;
      5) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы, экономикалық және қорғаныс әлеуеті негіздерін қарсыластың барлау-бүлдіру әрекетінен қорғау бойынша қарсы барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      6) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған барлау, қарсы барлау және жедел іздестіру қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      7) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауіпсіздігін әлсіретуге бағытталған терроризмге, экстремизмге және өзге де іс-әрекеттерге қарсы күрес бойынша шараларды әзірлейді және іске асырады, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, осы салалардағы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Аумақта терроризмге қарсы операцияларды өткізуді ұйымдастырады;
      8) террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыруға террористік қауіп-қатердің сипаты мен өзіндік ерекшелігі туралы олардың басшыларына ақпарат беру, терроризмге қарсы іс-қимыл және терроризмге қарсы қорғау бойынша ұсынымдар әзірлеу, террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризмге қарсы практикалық оқу-жаттығулар өткізу арқылы ықпал етеді;
      9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қауіпсіздік және террористік қауіп-қатерлерді бейтараптандыруға дайындық жүйесін жетілдіру бойынша шаралар кешенін іске асыруына бақылау жасауды жүзеге асырады;
      10) азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімінде шақыру комиссиясының жұмысына қатысады;
      11) Қазақстан Республикасының жергілікті әскери басқару органдары ұсынған жиынтық деректердің негізінде ҰҚК Шекара қызметінің мұқтажы үшін шақырылушы контингентке мониторинг пен іріктеуді жүзеге асырады;
      12) шектес мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жаппай өту, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгерту әрекеттері, терроризм актілері, Қазақстан Республикасының Конституциясын бұза отырып, билікті күшпен басып алу немесе билікті күштеп ұстау әрекеттері, диверсия, қарулы көтеріліс салдарынан туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтайды, ескертеді және жолын кеседі, сондай-ақ «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады;
      13) заңнамамен белгіленген тәртіпте жедел іздестіру және қарсы барлау (оның ішінде радиоқарсыбарлау) қызметін, сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;
      14) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарына, Қарулы Күштерiне, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарына қоғамдық қауiпсiздiктi, заңдылықты, құқықтық тәртiптi, елдiң қорғаныс қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге, өзге де алға қойылған мiндеттердi шешуге көмек көрсетедi;
      15) уәкiлеттi органдармен бірлесіп қарсыластың барлау-бүлдiру акциясын жүргiзуi үшiн жағдай жасайтын сыртқы және iшкi факторларды жою және бейтараптандыру бойынша, оның iшiнде трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа, заңсыз көшi-қонға, қару-жарақтардың, оқ-дәрiлердiң, жарылғыш және уландырғыш заттардың, есiрткi құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдар мен электрондық құрылғылардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл бойынша шаралар әзiрлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
      16) Қазақстан Республикасының мүддесіне өз құзыреті шегінде барлау қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      17) ұлттық қауiпсiздiк органдарының құзыретiне жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ өзге де ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      18) мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қарсы барлаулық қорғау бойынша шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметiн бақылайды;
      19) Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерге рұқсатты ресiмдеуге (қайта ресiмдеуге), сондай-ақ ұйымдарға мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беруге арнайы тексеру жүргiзумен, мемлекеттiк құпияларды қорғау құралдарын жасаумен, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғау бойынша iс-шараларды жүргiзумен және (немесе) қызмет көрсетулермен байланысты шараларды iске асырады;
      20) Қазақстан Республикасындағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң және халықаралық ұйымдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша басқа құзыреттi органдармен өзара iс-қимылда шаралар қолданады;
      21) мемлекеттік қызметке кіретін (онда жұмыс істейтін) Қазақстан Республикасының азаматтарына заңнамада белгіленген тәртіпте және шекте міндетті арнайы тексеруді ұйымдастырады;
      22) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл бойынша қызметті жүзеге асырады;
      23) ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін жедел іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарын техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      24) радиоэлектрондық және радиотехникалық барлауды жүзеге асырады;
      25) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді және бақылайды;
      26) мемлекеттік құпияларды қорғау саласында әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық айыптар бойынша сотқа дейінгі өндірісті ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;
      27) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;
      28) мемлекеттік құпияларды қорғау бойынша облыс аумағында құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің орындалуын бақылайды;
       29) жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне залал келтіретін желілерді және байланыс құралдарын қылмыстық мақсатта пайдалануды анықтауды және жолын кесуді қамтамасыз етеді;
       30) жедел іздестіру іс-қимылын жүзеге асыру барысында ақпаратты жасырын түрде алуға арналған (әзірленген, бейімделген, бағдарламаланған) арнайы техникалық құралдардың айналымы саласында бақылауды жүзеге асырады;
      31) Департамент қызметкерлері мен жұмыскерлерін, сондай-ақ құпия көмекшілерді қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      32) қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
       33) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін, мекеменің ведомстоволық қатыстылығын, орын-жайлар мен көлік құралдарын шифрлау бойынша шараларды жүзеге асырады;
      34) Департаменттің қызметкерлері мен жұмыскерлерін жауынгерлік, техникалық, материалдық, қаржылық, ғылыми, ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік-тұрмыстық, әскери-медициналық (медициналық) және басқа да түрлерімен қамтамасыз етілуін, оның ішінде ғимараттар мен күрделі құрылыстарды салуды және қайта салуды, жөндеуді, тұрғын үй салуды, жөндеуді ұйымдастырады;
      35) ұлттық қауіпсіздік органдары құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды жүзеге асырады;
      36) Департаментте Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттау және құжаттамаларды басқару және іс жүргізуді ұйымдастыруды, мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етеді, осы мақсатта ақпараттық жүйелерді пайдаланады;
      37) жедел-қызметтік іс-қимылды қамтамасыз ету шеңберінде полиграфологиялық (психологиялық-әлеуметтанулық қамтамасыз ету қызметкерлерінің штаттық бірліктері болған кезде), психологиялық-әлеуметтанулық және психофизиологиялық зерттеулерді жүргізеді;
      38) әскери-дәрігерлік сараптама, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет етуге денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығын, азаматтардың ауруларының, мертігулерінің (жараланулардың, жарақаттанулардың, контузия алудың) немесе қайтыс болуының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеруіне (міндеттерін орындау) байланыстылығын анықтау үшін психофизиологиялық куәландыру, сондай-ақ есірткіге қатысты тест жүргізеді;
      39) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарайды және әкімшілік жаза қолданады;
      40) ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын оқиғалар мен фактілер туралы ақпаратты уақтылы алу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың кезекші қызметтерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
      41) ғимараттарды, объектілерді күзетуді, сондай-ақ өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
      42) Департаментте құқықтық тәртiптi қамтамасыз етедi;
      43) Департаментте мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және жүргізеді;
      44) Қазақстан Республикасының заңдарымен, Президентінің және ҰҚК Төрағасының актілерімен оның құзырына жатқызылған өзге де функцияларды орындайды.

Дата публикации: 03.07.2018