Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
"Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік

БҰЙЫРАМЫЗ:

1. "Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 25 қазандағы № 72 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 471 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14509 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау Өлшемшарттары:

2 тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«2) елеулі бұзушылық – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуы, атап айтқанда мынадай белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келмеу: есепті ұсынбау, әзірленген және бекітілген әдістемелердің болмауы, техникалық іздестіру құралдарын беру тәртібінің бұзылуы, сондай-ақ әзірленген, өткізілген және жөнделетін АТҚ-ны және оған қатысты құжаттамаларды үшінші адамдарға беру;»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

 

SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7

мұнда:

SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3

мұнда:

SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

SР = SРз + SРн

мұнда:

SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау және қадағалау субъектісі (объектісі) мыналарға:

1) жоғары тәуекел дәрежесі -тәуекел дәрежесі 61-ден бастап 100-ді қоса алғанда дейінгі көрсеткішті құрайды және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізіледі;

2) жоғары дәрежеге жатқызылмаған тәуекел дәрежесіне - тәуекел дәрежесі 0-ден 60-қа дейінгі қоса алғанда көрсеткіш кезінде және оған қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілмейді.

Осы бұйрықтың қосымшасында аталған Өлшемшарттың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары көрсетілген.»;

көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Өлшемшарттың ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың өлшемшарттарына қосымша, осы бірлескен бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы, осы бірлескен бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын;

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралды анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы, осы бірлескен бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын;

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу және өндіру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы, осы бірлескен бұйрықтың 4 қосымшасына сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын;

аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы, осы бірлескен бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын;

осы бірлескен бұйрыққа 6 және 7-қосымшаларға сәйкес 6 және 7-қосымшалармен толықтырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

  1. осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;
  2. осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Д.Е. Ерғожинға жүктелсін.

4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

 

______________ К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

Министрі

                                  ______________ Р. Даленов

 

 

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы Құқықтық

статистика және арнайы есепке

алу жөніндегі комитеті

Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2019 жылғы «__» __________
№ ______ және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2019 жылғы «__» __________
№ ______ бірлескен бұйрығына
1-қосымша

 

Ақпараттық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету және жедел
іздестіру іс-шараларын
жүргізуге арналған арнайы
техникалық құралдар
салаларындағы тәуекел
дәрежесін бағалау
Өлшемшарттарына
қосымша

 

Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдар салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

 

№ р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдарын (бұдан әрі – АКҚҚ) әзiрлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

  1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

АКҚҚ әзiрлеу бойынша қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей

талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

1

Жоғары білімі бар маманның болуы

өрескел

2

Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

өрескел

3

Үй-жай:

  1. терезелері темір тормен (егер үй-жай бірінші немесе соңғы қабаттарда орналасса);
  2. автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;
  3. құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;
  4. мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталған

елеулі

3. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді

мониторингілеу нәтижелері

1

Әзірленген АКҚҚ туралы жыл сайынғы электрондық есепті ұсынбау

елеулі

2

Лицензиарды:

  1. міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын АКҚҚ-ны әзiрлеуге жасалған келісімшарттар (шарттар);
  2.  әзірленгеннен кейін бес жұмыс күнінен асырмай дербес (өз қаражаты есебінен) әзірленген АКҚҚ туралы уақтылы хабарламау

елеулі

Ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарын (бұдан әрі – АТҚ) анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ны анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей

талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

1

Жоғары білімі бар маманның болуы

өрескел

2

Техникалық іздестіру құралдарының ең аз жинағы

өрескел

3

Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

өрескел

4

Үй-жай:

1) терезелері темір тормен (егер үй-жай бірінші немесе соңғы қабаттарда орналасса);

2) автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;

3) құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;

4) мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы

елеулі

5

Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптар:

  1. үй-жайлар мен техникалық құралдарда әзірлеген және лицензиармен келісім бойынша лицензиат бекіткен ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ-ы бойынша жұмыс жүргізу әдістемесінің болуы;
  2. үй-жайлар мен техникалық құралдардың ақпараттың техникалық арналар бойынша таралып кетуінен қорғалу тиімділігін бағалау әдістемесінің болуы

елеулі

6

Техникалық іздестіру құралдарын үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру

елеулі

7

Әзірленген әдістемелерді үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру

болмашы

3. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Лицензиарға:

  1. жұмыстарды орындауды бастағанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және АТҚ-ны анықтау жөніндегі қызмет көрсету бойынша (оның ішінде лицензиаттың өз мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мақсатында) жасалған келісімшарттар (шарттар) туралы;
  2. анықтау фактісінен кейін үш жұмыс күні ішінде қызмет көрсету барысында анықталған АТҚ туралы уақтылы хабарламау

өрескел

2

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және АТҚ-ны анықтау бойынша көрсетілген қызметтер бойынша жыл сайынғы электрондық есепті ұсынбау

елеулі

Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметі шеңберінде ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ны анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметі шеңберінде ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ны анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей

талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

1

Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша қайта дайындаудан, біліктілікті арттырудан өткен жоғары немесе кәсіби техникалық білімі бар маманның болуы

өрескел

2

Техникалық іздестіру құралдарының ең аз жинағы

өрескел

3

Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

өрескел

4

Үй-жай автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен

елеулі

5

Әзірлеген және лицензиармен келісім бойынша лицензиат бекіткен ақпараттық қауіпсіздіктің іс-қимылы шеңберінде ақпарат таралып кететін техникалық арналарды  және АТҚ-ын анықтау бойынша жұмыс жүргізу әдістемесінің болуы

елеулі

3. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Жұмыстарды орындауды бастағанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және АТҚ-ны анықтау жөніндегі қызмет көрсету бойынша (оның ішінде лицензиаттың өз мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мақсатында) жасалған келісімшарттар (шарттар) туралы

өрескел

2

Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және АТҚ-ны анықтау бойынша көрсетілген қызметтер бойынша жыл сайынғы электрондық есепті ұсынбау

елеулі

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің іс-қимылы шеңберінде ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ны анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің іс-қимылы шеңберінде ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ны анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей

талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

1

Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша қайта дайындаудан, біліктілікті арттырудан өткен жоғары немесе кәсіби техникалық білімі бар маманның болуы

өрескел

2

Техникалық іздестіру құралдарының ең аз жинағы

өрескел

3

Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

өрескел

4

Үй-жай автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен

елеулі

5

Әзірлеген және лицензиармен келісім бойынша лицензиат бекіткен ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің іс-қимылы шеңберінде ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және АТҚ-ын анықтау  бойынша жұмыс жүргізу әдістемесінің болуы

елеулі

3. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Жұмыстарды орындауды бастағанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің іс-қимылы шеңберінде ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және АТҚ-ны анықтау жөніндегі қызмет көрсету бойынша (оның ішінде лицензиаттың өз мұқтаждықтарын қамтамасыз ету мақсатында) жасалған келісімшарттар (шарттар) туралы

өрескел

2

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің іс-қимылы шеңберінде ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және АТҚ-ны анықтау бойынша көрсетілген қызметтер бойынша жыл сайынғы электрондық есепті ұсынбау

елеулі

Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісі (объектісі) үшін тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары

Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ

 әзiрлеу және өндіру жөнiндегi қызметтің кіші түрі

1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ әзiрлеу және өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей

талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

1

Жоғары білімі бар маманның болуы

өрескел

2

Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы

өрескел

3

Арнайы бөлінген өндірістік үй-жай (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

өрескел

4

Әзірленетін және өндірілген АТҚ-ны сақтауға арналған арнайы бөлінген үй-жай (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

өрескел

5

Үй-жай:

  1. терезелері темір тормен (егер үй-жай бірінші немесе соңғы қабаттарда орналасса);
  2. автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;
  3. ұлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;
  4. мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы

елеулі

6

мынадай жағдайларда АТҚ-ны әзірлеуді жүзеге асыру:

  1. жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган бекіткен және лицензиармен келісілген АТҚ-ны әзірлеуге техникалық тапсырманың болуы;
  2. лицензиарға әзірленген АТҚ-ның үлгісін ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін ұсыну

елеулі

7

АТҚ өндіруді мынадай шарттармен жүзеге асыру:

  1. жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган бекіткен және лицензиармен келісілген өндірілетін АТҚ-ға конструкторлық құжаттаманың болуы;
  2. АТҚ-ның тәжірибелік үлгісіне ғылыми-техникалық сараптама жүргізу қорытындылары бойынша лицензиардың оң қорытындысының болуы

елеулі

8

Меншік нысанына қарамастан үшінші тұлғаларға әзірленген АТҚ-ны, сондай-ақ оған қатысты құжаттамаларды лицензиармен келісім бойынша тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру

елеулі

3. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсаттың болмауы

өрескел

2

Әзірленген және өндірілген АТҚ туралы электрондық есепті жарты жылда бір рет ұсынбау

елеулі

3

  1. АТҚ-ны өндіруге жасалған шарттар (келісімшарттар), міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын хабарлауы тиіс;
  2. АТҚ-ны әзірлеуге жасалған шарттар (келісімшарттар), міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын хабарлауы тиіс

өрескел

Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ

 жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметтің кіші түрі

1. Расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және саны

1

Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты расталған шағымдар мен өтініштердің болуы

өрескел

2. Бұрынғы тексерістердің нәтижелері (ауырлық дәрежесі төмендегідей талаптардың сақталмау жағдайында белгіленеді)

1

Жоғары білімі бар маманның болуы

өрескел

2

Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы

өрескел

3

АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

өрескел

4

Үй-жай:

  1. терезелері темір тормен (егер үй-жай бірінші немесе соңғы қабаттарда орналасса);
  2. автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;
  3. құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;
  4. мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы

елеулі

5

Өткізілетін немесе жөнделетін АТҚ-ны, сондай-ақ оған құжаттаманы меншік нысандарына қарамастан үшінші адамдарға тек лицензиардың келісімі бойынша тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру

елеулі

3. Бақылау субъектісі (объектісі) ұсынатын есептілік және мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

АТҚ саласында мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары беретін рұқсаттың болмауы

өрескел

2

АТҚ-ны сатып алу және өткізу жасалған шарттар (келісімшарттар) бойынша, міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын хабарлауы тиіс;

АТҚ-ны жөндеу жасалған шарттар (келісімшарттар) бойынша, міндеттемелерді орындауды бастағанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын хабарлауы тиіс

өрескел

3

Өткізілген АТҚ туралы тоқсандық электрондық есепті және жөнделген АТҚ туралы жылсайынғы электрондық есепті ұсынбау

елеулі

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2018 жылғы «__» __________

№ ___ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы «___» ___________ № _____

бірлескен бұйрығына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық

қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2016 жылғы 25 қазандағы № 72

және Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы 9 қарашадағы  № 471

бірлескен бұйрығына

2-қосымша

 

 

Ақпараттарды криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы

(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

 

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________

 _____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт_________________________________

 _____________________________________________________________________________

                                                                     (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________________

_____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Орналасқан жерінің мекенжай_______________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1.

Жоғары білімі бар маманның болуы

 

 

 

 

2.

АКҚҚ саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

 

 

 

 

3.

Үй-жай:

  1. терезелері темір тормен (егер үй-жай бірінші немесе соңғы қабаттарда орналасса);
  2. автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;
  3. құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;
  4. мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы

 

 

 

 

 

Лауазымды адам (адамдар) ________________________        ______________
                                                                                  лауазымы                                              қолы

___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Бақылау

субъектісінің басшысы ___________________________        ______________
                                                                               лауазымы                                                 қолы 

_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2018 жылғы «__» __________

№ ___ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы «___» ___________ № _____

бірлескен бұйрығына

3-қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық

қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2016 жылғы 25 қазандағы № 72

және Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы 9 қарашадағы  № 471

бірлескен бұйрығына

3-қосымша

 

 

Ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралды анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы

(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

 

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган___________________________________ _____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт________________________________

_____________________________________________________________________________

                                                                     (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _________________________________

_____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі _______________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1.

Жоғары білімі бар маманның болуы

 

 

 

 

2.

Қажетті іздестіру техникалық құралдарының ең аз түрлерінің болуы

 

 

 

 

3.

Іздестіру қызметі саласында мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

 

 

 

 

4.

Үй-жай:

1) терезелері темір тормен (егер үй-жай бірінші немесе соңғы қабаттарда орналасса);

2) автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;

3) құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;

4) мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы

 

 

 

 

5.

Әзірлеген және лицензиармен келісім бойынша лицензиат бекіткен:

1) ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және үй-жайларда және техникалық құралдарда жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған  АТҚ-ны анықтау бойынша жұмыс жүргізу әдістемесінің;

2) ақпараттың техникалық арналар бойынша таралып кетуінен қорғалғандығы тиімділігін бағалау әдістемесінің болуы

 

 

 

 

6.

Техникалық іздестіру құралдарын үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру

 

 

 

 

7.

Әзірленген әдістемелерді үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға тек лицензиардың келісімімен беру

 

 

 

 

 

Лауазымды адам (адамдар) _________________________        ______________
                                                                                  лауазымы                                              қолы

___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Бақылау

субъектісінің басшысы ____________________________        ______________
                                                                               лауазымы                                                 қолы 

_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2018 жылғы «__» __________

№ ___ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы «___» ___________ № _____

бірлескен бұйрығына

4-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық

қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2016 жылғы 25 қазандағы № 72

және Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы 9 қарашадағы  № 471

бірлескен бұйрығына

4-қосымша

 

 

 

Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу және өндіру жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты

тексеру парағы

(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

 

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган __________________________________ _____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________

_____________________________________________________________________________

                                                                     (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________________

_____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1.

Жоғары білімі бар маманның болуы

 

 

 

 

2.

Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы

 

 

 

 

3.

Арнайы бөлінген өндірістік үй-жай (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

 

 

 

 

4.

Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналып әзірленетін және өндірілген АТҚ-ын сақтауға арналған арнайы бөлінген үй-жай (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

 

 

 

 

5.

Үй-жай:

1) терезелері темір тормен (егер үй-жай бірінші немесе соңғы қабаттарда орналасса);

2) автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;

3) құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;

4) мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы

 

 

 

 

6

Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ-ын әзірлеуді  мынадай шарттармен жүзеге асыру:

1) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган бекіткен және лицензиармен келісілген АТҚ-ны әзірлеуге техникалық тапсырманың болуы;

2) лицензиарға әзірленген АТҚ-ның үлгісін ғылыми-техникалық сараптама жүргізу үшін ұсыну тиіс

 

 

 

 

7.

АТҚ өндіруді  мынадай шарттармен жүзеге асыру:

1) жедел іздестіру қызметін жүзеге асыратын орган бекіткен және лицензиармен келісілген өндірілетін АТҚ-ға конструкторлық құжаттаманың болуы;

2) АТҚ-ның тәжірибелік үлгісіне ғылыми-техникалық сараптама жүргізу қорытындылары бойынша лицензиардың оң қорытындысының болуы

 

 

 

 

8.

Меншік нысанына қарамастан үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға әзірленген АТҚ-ны, сондай-ақ оған қатысты құжаттамаларды тек лицензиардың келісімімен беру

 

 

 

 

 

Лауазымды адам (адамдар) _________________________        ______________
                                                                                  лауазымы                                              қолы

___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Бақылау

субъектісінің басшысы ____________________________        ______________
                                                                               лауазымы                                                 қолы 

_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2018 жылғы «__» __________

№ ___ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы «___» ___________ № _____

бірлескен бұйрығына

5-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық

қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2016 жылғы 25 қазандағы № 72

және Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы 9 қарашадағы  № 471

бірлескен бұйрығына

5-қосымша

 

 

Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты

тексеру парағы

(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

 

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________ _____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________ _____________________________________________________________________________

                                                                     (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________________

_____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Талаптар тізбесі  

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1.

Жоғары білімі бар маманның болуы

 

 

 

 

2.

Қажетті техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының ең аз түрлерінің болуы

 

 

 

 

3.

Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген өндіріс үй-жайының болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

 

 

 

 

4.

Үй-жай:

1) терезелері темір тормен (егер үй-жай бірінші немесе соңғы қабаттарда орналасса);

2) автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;

3) құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;

4) мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы

 

 

 

 

5.

Меншік нысанына қарамастан үшінші тұлғаларға тұрақты немесе уақытша пайдалануға өткізілетін немесе жөнделетін жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған АТҚ, сондай-ақ оған қатысты құжаттамаларды тек лицензиардың келісімімен беру

 

 

 

 

 

Лауазымды адам (адамдар) ________________________        ______________
                                                                                  лауазымы                                              қолы

___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Бақылау

субъектісінің басшысы ____________________________        ______________
                                                                               лауазымы                                                 қолы 

_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2018 жылғы «__» __________

№ ___ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы «___» ___________ № _____

бірлескен бұйрығына

6-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық

қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2016 жылғы 25 қазандағы № 72

және Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы 9 қарашадағы  № 471

бірлескен бұйрығына

6-қосымша

 

Ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығы қызметі шеңберінде ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралды анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы

(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

 

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган  __________________________________ _____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындау туралы ак___________________________________________

                                                                                     (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________________

_____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1.

Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша қайта дайындаудан, біліктілікті арттырудан өткен жоғары немесе кәсіби техникалық білімі бар мамандар

 

 

 

 

2.

Қажетті іздестіру техникалық құралдарының ең аз түрлерінің болуы

 

 

 

 

3.

Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

 

 

 

 

4.

Үй-жай автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен жабдықтау.

 

 

 

 

5.

Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптар әзірлеген және лицензиармен келісім бойынша лицензиат бекіткен ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ-ы бойынша жұмыс жүргізу әдістемесінің. болуы

 

 

 

 

 

Лауазымды адам (адамдар) ________________________        ______________
                                                                                  лауазымы                                              қолы

___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Бақылау

субъектісінің басшысы ____________________________        ______________
                                                                               лауазымы                                                 қолы 

_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2018 жылғы «__» __________

№ ___ және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы «___» ___________ № _____

бірлескен бұйрығына

7-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық

қауіпсіздік комитеті Төрағасының

2016 жылғы 25 қазандағы № 72

және Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2016 жылғы 9 қарашадағы  № 471

бірлескен бұйрығына

7-қосымша

 

Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметінің іс-қимылы шеңберінде ақпараттың таралып кетуіне жол беретін техникалық арналарды және жедел-iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралды анықтау бойынша қызмет көрсету саласындағы қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты тексеру парағы

(Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 138-бабына сәйкес)

 

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган  __________________________________ _____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/ профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт _____________________________________________________________________________

                                                                     (№, күні)
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы __________________________________

_____________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________________________

_____________________________________________________________________________

 

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес

Талаптарға сәйкес емес

1

2

3

4

5

6

1.

Ақпараттық қауіпсіздік бағыты бойынша қайта дайындаудан, біліктілікті арттырудан өткен жоғары немесе кәсіби техникалық білімі бар мамандар

 

 

 

 

2.

Қажетті іздестіру техникалық құралдарының ең аз түрлерінің болуы

 

 

 

 

3.

Мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген  үй-жайдың болуы (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)

 

 

 

 

4.

Үй-жай автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен.

 

 

 

 

5.

Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптар әзірлеген және лицензиармен келісім бойынша лицензиат бекіткен ақпарат таралып кететін техникалық арналарды бойынша жұмыс жүргізу әдістемесінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған АТҚ-ның.

 

 

 

 

 

Лауазымды адам (адамдар) _________________________        ______________
                                                                                  лауазымы                                              қолы

___________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

 

Бақылау

субъектісінің басшысы ____________________________        ______________
                                                                               лауазымы                                                 қолы 

_____________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Дата публикации: 09.12.2019