Сенім телефоны
Телефон доверия
110
Телефон доверия
110
Сенім телефоны
Мәзір
X
2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

          1. «2020 – 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 234 қаулысына мынадай өзгертулер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

         «1. Конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен 2021 – 2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Зияткерлік криптографиялық жүйелер: ақпараттық-бағдарламалық кешенді әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.».

         2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының                                                           

        Премьер-Министрі       А. Мамин

Дата публикации: 19.09.2020
Салыстырмалы кестесі36.27 KB Пояснительная записка38.5 KB