«Жас жауынгер» клубының тәрбиеленушілері үшін емделуді ұйымдастыру туралы
Print pageҰлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының «Жауынгерлік өнер қауымдастығымен» бірлесіп, «Жас жауынгер» клубының ерекше қажеттіліктері бар балалары үшін ҰҚК-ге ведомстволық бағыныстағы «Балқаш» шипажайында емдеу-сауықтыру шараларын ұйымдастырды.
Жоғары білікті мамандардың бақылауымен балалар толық емдеу курсынан өтті, сондай-ақ олар сапалы қорекпен қамтамасыз етілді.
Клуб тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары осы қайырымдылық шарасын ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Осындай іс-шараларды өткізуді Ұлттық қауіпсіздік комитеті тұрақты негізде жоспарлап отырады.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі