Телефон доверия
110
Helpline
Телефон доверия
110
Helpline

Стиль для блока Другие новости

Menu
X
11.09.2019

ҚР ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті каннабистік топтағы есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар ҚР азаматтары М. Бейсембаев пен Д. Ережеповтің  заңсыз әрекеттерін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, 2019 жылғы 27 наурызда ҰҚКД көрсетілген адамдарды салмағы 82 кг 343 г есірткі құралдарын өткізбекші болған кезде ұстады.

Одан басқа, Д. Ережеповтің гаражында және автомашинасында тергеу іс-қимылдары кешенін жүргізу барысында қосымша 32 кг 228 г марихуана мен 855 г гашиш алынды.

Нәтижесінде алынған есірткінің жалпы салмағы  114 кг 571 г марихуана мен 855 г гашишті құрады.

2019 жылғы 20 тамызда Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Бейсембаев пен Д. Ережепов ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі