Телефон доверия
110
Helpline
Телефон доверия
110
Helpline

Стиль для блока Другие новости

Menu
X
20.08.2019

ҚР ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті «Xoxoclub.biz» Ғаламтор-дүкені арқылы психотропты құралдардың заңсыз айналысына қатысы бар ҚР азаматы  Д.Яковенконың (1985 ж.т.) заңсыз іс-әрекетін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, 2018 жылы ҰҚК департаменті Қостанай облысы аумағында синтетикалық есірткі сатуды жүргізген «Xoxoclub.biz» сайтын анықтады. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Д.Яковенко аталған Ғаламтор-ресурсын құрушы және әкімшісі болып табылатыны анықталды. Оған қоса синтетикалық есірткіні Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына (психотропты құралдың) әкелу халықаралық арнасын ұйымдастырған.

2018 жылдың 5 қазанында аталған «Xoxoclub.biz» Ғаламтор-дүкені арқылы материалдарды СДТБТ-ға тіркеуге негіз болған, «пировалерон» психотропты құрал аналогының 0,5 гр. «жедел сатып алу» жасалынды.

Содан соң, ү.ж. 14 наурызында Д.Яковенконың тұрғылықты мекенжайы бойынша тергеу амалдарының кешені өткізілді. Тінту барысында «пировалерон» психотропты құралы аналогының 5 гр. құрамы бар 5 «Zip-пакет» табылып, тәркіленді.

Жауап алуда Д.Яковенко өзінің Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына синтетикалық есірткі құралының халықаралық келу жолын ұйымдастыруға және оларды аталған онлайн-дүкен («Xoxoclub.biz») арқылы аймақта сатуға қатыстылығын растады.

2019 жылғы 07 тамызда  Қостанай қаласының №2 соты Д.Яковенконы ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі, 296-бабы 1-бөлігі және 297-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, қылмыстық-атқару жүйесінің орта қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге 5 жыл бас бостандығынан айыруға кесті.

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі