Телефон доверия
110
Helpline
Телефон доверия
110
Helpline

Стиль для блока Другие новости

Menu
X
17.08.2019

ҚР ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті каннабис есірткі құралы заңсыз айналысына қатысы бар, құрамына бұрынғы полиция қызметкерлері А.Жақсылықов (1970 ж.т.) және Б. Мұхамедьяров (1966 ж.т.) кірген топтың заңсыз іс-әрекетін анықтап, жолын кесті.

Атап айтқанда, 2019 жылғы 20 ақпанда ҰҚК Департаменті Ақтөбе облысы бойынша Полиция департаментінің  Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бұрынғы қызметкері А. Жақсылықовты 30 кг «марихуана» есірткі құралын өткізу әрекеті кезінде ұстаған.

Жүргізілген жедел комбинация нәтижесінде тәркіленген есірткіні жеткізуші бұрын Ақтөбе қалалық Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі бастығы болған Б. Мұхамедьяров анықталды.

2019 жылғы 21 ақпанда Б. Мұхамедьяровты ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп, одан шамамен 1 кг марихуана,  тіркелмеген қару, пышақтар мен оқ-дәрілер (12 және 16 калибрлі, 7,62 мм және 5,45 мм 100-ден аса патрондар, МП 2 патроны) тәркіленді.

 2019 жылғы 8 тамыздағы Ақтөбе облысы қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкімімен А. Жақсылықов ҚР ҚК 297- бабы, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 11 жыл бас бостандығынан айыруға, Б. Мұхамедьяров ҚР ҚК 297-бабы, 2, 3-бөлігі, 280-баптың 2-бөлігі және 287-баптың 3-бөлігі бойынша 13 жыл бас бостандығынан айыруға   кесілді.

 

 

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі