Телефон доверия
110
Helpline
Телефон доверия
110
Helpline

Стиль для блока Другие новости

Menu
X
31.07.2019

2019 жылғы 25 наурызда ҰҚК қызметкерлерімен жүргізілген тергеу-жедел амалдарының барысында Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында Интернет-желісінің көмегімен синтетикалық есірткі заттарының өткізілуін ұйымдастырған Қазақстан Республикасының азаматтары Корнева Валентина Александровна (1966 ж.т.) мен Лещенко Евгения Владимировна (1986 ж.т.) құрықталды.

2019 жылғы 29 шілдеде көрсетілген адамдарға қатысты Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімі шықты.

Сот үкіміне сай В.Корнева мен Е.Лещенко ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыс жасағандары үшін кінәлі деп танылды.

В.Корнева 8,3 жылға, Е.Лещенко 7,5 жылға бас бостандығынан айырылып,  жазаларын орташа қауіпсіздік мекемеде өтеуге жіберілді. 

Оған қоса, аталған сот үкімімен сотталушы В.Корневаның қылмыстық жолмен тапқан 15 млн. теңгеге жуық мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі