Телефон доверия
110
Helpline
Телефон доверия
110
Helpline

Стиль для блока Другие новости

Menu
X
27.07.2019

2019 жылғы 27 шілдеде ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары генерал-майор Қалқабаев М.Ө., ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері және ата-аналардың қатысуымен ҰҚК Академиясында тыңдаушыларды шығарып салудың кезекті салтанатты іс-шарасын өткізді.

Түлектерге алғашқы «ұлттық қауіпсіздік лейтенанты» офицерлік атағы берілді.

ҚР ҰҚК Төрағасының орынбасары генерал-майор М.Қалқабаев лейтенанттарға отанға адал қызмет етудің, кәсіби сезімталдықтың және шексіз батылдықтың маңыздылығын айтты.

Академияның профессорлық-оқытушы құрамына кадрлады дайындауға, көпсапалы жоғарғы оқу орнының қалыптасуы мен дамуына қатысқан барша адамдарға алғыс білдірді.

Іс-шара түлектердің салтанатты шеруімен аяқталды.

ҰҚК Баспасөз қызметі